Шаңырақ оқиғасы. Тәуелсіздіктен кейінгі алғашқы қақтығыс
Your browser doesn’t support HTML5
Заңсыз берілген жер, заңсыз құрылыстан соң мәселені мәмілемен шешу талпынысы нәтиже бермеді. Бұл – наразылыққа, наразылық қақтығысқа ұласты. Ақырында бір полицейдің өлімімен аяқталған оқиға ел тәуелсіздігінен кейінгі алғашқы қақтығыс ретінде белгілі. Билік мәселені күшпен шешпек болды. Даулы жер телімдері кейін заңдастырылды. Бұл жайлы сол кезде Азаттықтың Алматы бюросын басқарған Кенжебек Нұрқасенұлы және оқиға ортасынан хабар таратқан Талғат Дүйсенбек әңгімелейді.