"Түтінге тұншығып, қолдарын күйдіріп..." Ауғанстанда балалар кедейліктің кесірінен ауыр жұмыс істеуге мәжбүр

Лондондағы Save the Children үкіметтік емес ұйымының бағалауынша, Ауғанстанда отбасылардың тең жартысы күнкөріс үшін балаларын жұмысқа шығауға мәжбүр. Кабул шетінде сстық пеште кірпіш құятын мына жерде төрт жасар бала да жұмыс істейді.

 

2021 жылы тамызда Ауғанстаннан АҚШ әскері шығып, билікке тәліптер келген соң жағдай ушықты. Елде экономикалық дағдарыс әрі құрғақшылық. Мұның бәрі халық тұрмысына кері әсер етіп жатыр.

Рахиммен (ол бұл фотода көрінбейді) бірге 5-12 жастағы үш баласы да жұмыс істеп жүр. Ол басқа амалдың қалмағанын айтады.

— Басқа жол жоқ. Жеуге нанымыз жоқта олар қалай оқып жүреді. Жан бағу маңызды, — дейді Рахим.

Балалар кірпіш құюдың барлық ісіне араласады.

Кейбір балалар кірпіш құю кезінде мынандай ауыр қоларбаларды сүйреуге мәжбүр.

Балалардың біразы түтінге тұншығып, қолдарын күйдірсе де суымаған күлді қазып, тағы да қолдануға болатын көмірлерді іздейді.

Балалардан ойыншық пен ойын туралы сұрағанда жымиып, иықтарын көтереді. Бұл балалар мектепке аз уақыт ғана барған.

Жұмысшылар мыңдаған кірпіш үшін төрт доллардай ғана ақы алады. Ересектер бір күнде 1500 кірпішті дайындап үлгермейді, сондықтан балаларын да жұмысқа шығарады.

Save the Children қыздардың тағдырына алаңдайды. Себебі қыз балалар ұлдарға қарағанда мектепке жиі бармайды, көбіне аш қалады.

Save the Children Ауғанстан тұрғындарының жағдайы нашарлаған. Маусымда отбасылардың 77 пайызы "табысының жартысынан айырылғанын" айтқан.

Ауғанстандық 12 жастағы қыз кірпіш төгіп жатыр.

Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасы 27 қазанда жұмыссыздық пен кедейшілік салдарынан ауған халқының "өмірі ауырлап кеткенін" айтады. Ұйым Ауғанстанда кедейшілік 97 пайызға өскенін мәлімдеді.
 

9 жасар қыз кірпіш құятын аймақта жұмыста жүр.

4 жасар қыз ұзақ жұмыс күннен кейін далада ұйықтап жатыр.