Орталық Азия қолөнері фестивалі
«Киіз үй мейрамы» фестивалінің салтанатты ашылуын музыканттардың өтініші бойынша екі сағат бұрын бастады. Олар таңертеңнен осында шараның ашылуын күтіп тоңып қалғандарын айтқан.
«Киіз үй мейрамының» алғашқы күні Алматының Арбатында төрт киіз үй тігілді. Жас жігіт талдан жасалған жиырма қанатты киіз үйді таныстырып тұр.
Қазақ киіз үйінің ішкі жасауы. Фотодағы адамдар мұндай киіздің үйдің ішін алғаш рет көргенге ұқсайды.
Мереке өтіп жатқан алаңға қырғыз шырдақтарының (киізден жасалған төсеніштер) бірнеше түрі жайылған. Шырдақ жасау - өте күрделі қолөнер жұмыстарының біріне жатады.
Қазақтың ұлттық ыдыс-аяқ түрлері – етке арналған астау, табақ, қымыз құятын тостаған, шара, ожау және өзге де ағаштан жасалған бұйымдар.
Ферғанадан келген Үмітжан Азизов жеті атасынан бері қолөнермен айналысатын отбасынан. Ол қыштан күйдіріп бұйымдар жасайтын шебер.
Жас жігіт фестивальға келушілерге қолдан соғылған кәдесый бұйымдарын көрсетіп тұр.
«Киіз үй мейрамында» қазақтың ұлттық музыка аспаптарынан құралған оркестр өнер көрсетті. Алматы, 4 сәуір 2015 жыл.
«Киіз үй мейрамына» Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Түркіменстаннан 60-қа жуық қолөнерші қатысып жатыр. Олар дайындаған бұйымдардан жәрмеңке ұйымдастырылды.
Мерекеге келген әйел қырғыз қолөнершісі дайындап әкелген бас киімдердің қайсысын таңдарын білмей біраз айналды. Ол тіпті өзін суретке түсірген Азаттық тілшісінен де кеңес сұрады.
Бұл кілемдер 1960-жылдары қолдан тоқылған. Оларды сатуға Қызылордадан әкелген ер адам қазіргі кезде кілемді мұндай материалдан жасамайтынын айтады.
«Он екі апа ансамблі» ұжымы қазақтың ұлттық «Бесікке бөлеу» және «Тұсау кесу» салт-дәстүрін көрсетті.
«Киіз үй мейрамына» осы шара өтіп жатқан жерде орналасқан дәмхана да қатысты. Көшеге үлкен самаурын және үстіне бауырсақ, нан өнімі, қой етінен әзірленген тағамдар, наурыз көже қойылған үстел шығарып қойды. Тәбеті тартқандарға оның бәрі тегін таратылған жоқ.