Барак Обама АҚШ-тың 44-президенті қызметіне кірісер алдында ант беруге әйелі Мишель, қыздары Малия және Сашамен бірге келе жатыр. Вашингтон, 20 қаңтар 2009 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама 2009 жылы қаңтардың 21-і күні Ақ үйдегі жұмыс кабинетіне кіргелі тұр. Президент қызметіне кіріскеннен кейін алғашқы күндері ол Кубадағы Гуантанамо лагерінде сот қудалау істерін 120 күнге тоқтату және аталған нысанды бір жылдың ішінде жабу туралы бұйрыққа қол қойды. Обаманың президенттік өкілеті аяқталар кезде түрме лагері әлі жұмыс істеп жатыр.
2009 жылғы ақпанның 27-і күні Солтүстік Каролинадағы әскери базада сөйлеген сөзінде Обама АҚШ-тың Ирактағы әскери іс-қимылдары 2010 жылы тамыздың 31-і күні аяқталады деп мәлімдеді. Одан кейін АҚШ президенті болып сайланған Дональд Трамп Обаманың тұсында Ирактан әскерді шығару «Ислам мемлекеті» (ИМ) террорлық тобының пайда болуына әкелді деп сөкті.
Барак Обама 2009 жылы сәуірдің 5-і күні Прагада Чехословакияның тұңғыш президенті Томаш Масариктің ескерткіші алдында сөйлеп тұр. Өз сөзінде Обама АҚШ-тың «әлемде ядролық қарусыз тыныштық мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге» бар күшін салатыны жайлы уәде еткен еді.
Барак Обама, Франция президенті Николя Саркози және Ұлыбритания премьер-министрі Гордон Браун АҚШ-тың Пенсильвания штаты Питтсбург қаласында басталған G20 саммиті кезінде, 25 қыркүйек 2009 жыл. Бұған дейін жетекші елдер басшылары Иранның құпия ядролық нысаны туралы мәселе көтеріп, Тегераннан ядролық нысандары бойынша халықаралық тексерушілермен ынтымақтастықта жұмыс істеуін талап еткен.
Обама өзіне Нобель бейбітшілік сыйлығы берілгеннен кейін Ақ үйде телефонмен сөйлесіп тұр, 9 қазан 2009 жыл. Ол алғашқы президенттік мерзіміне кіріскеннен кейін 9 ай өткенде аталған сыйлыққа ие болды.
Президент Обама Вирджиния штаты Александрия қаласында өзін жақтайтын әйелдің сәбиін ұстап тұр, 30 наурыз 2010 жыл. Осының алдында ғана АҚШ президенті медициналық қызмет пен білім саласы шығындарын келісу туралы заңға қол қойған еді. Соның арқасында денсаулық сақтау қызметінің жалпыға қолжетімділігі туралы басқа заң күшіне енген. Obamacare деген атаумен белгілі бұл заң АҚШ-та бұған дейін медициналық сақтандыруы болмаған 20 миллионға жуық азаматқа медициналық жәрдем қызметін пайдалануға мүмкіндік берген.
Обама Форчон портындағы жағажайда тұр, Луизиана штаты, 28 мамыр 2010 жыл. Осының алдында BP компаниясының Deepwater Horizon мұнай платформасында болған жарылыс салдарынан АҚШ тарихында теңізге бұрын-соңды болмаған көлемде мұнай шикізаты төгілген.
Ақ үйде президент пен оның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі командасы 2011 жылы мамырдың 1-і күні Пәкістанда америкалық арнайы жасақтың Усама бен-Ладенге қарсы операциясы барысынан соңғы мәліметтермен танысып отыр. Арнайы операция барысында Әл-Қайда террорлық тобының көсемі мен тағы төрт адам қаза тапқан.
Барак Обама теңізде жүзіп барады. Канеохе Бей шығанағы, Гавай аралдары, 1 қаңтар 2012 жыл. Ол АҚШ президенттері арасында Гавайда туған және Америка құрлығындағы 48 штаттан тыс аймақта дүниеге келген жалғыз адам.
Барак Обама АҚШ президенті болып екінші мерзімге сайланғаннан кейін Чикагода сөйлеген кезде төбеден жауған конфетти. 6 қараша 2012 жыл.
Президент Обама Коннектикут штаты Ньютаун қаласында Сэнди-Хук бастауыш мектебіндегі қырғыннан кейін құрбандарды еске алып сөйлеген кезде көзіне жас алып тұр. 14 желтоқсан 2012 жыл. Мектепте қылмыскер қарудан оқ жаудырып, 18 бала мен сегіз ересек адамды атып өлтірген.
Обама Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп тұр. 1 наурыз 2014 жыл. Украинадағы дағдарыстың өршуі АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынастардың шиеленісуіне әсер етті. 2014 жылғы наурыздың 14-і күні Ресей Қырым түбегін аннексиялап алды.
Барак Обама әскерилерге атқарған қызметі үшін алғыс айтып тұр. Райстаундағы әскери база, Нью-Джерси штаты, 15 желтоқсан 2014 жыл. Президент Райстаундағы базада АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери миссиясы аяқталғанын жариялаған желтоқсанның 28-іне дейін болған еді.
Германия канцлері Ангела Меркель мен АҚШ президенті Барак Обама G7 саммиті кезінде. Гармиш-Партенкирхен маңында, Германия, 8 маусым 2015 жыл.
Обама Иранның ядролық бағдарламасы бойынша жасалған келісімге қатысты сауалдарға жауап беру үшін баспасөз мәслихаты өтетін залға келе жатыр. Вашингтон, 15 шілде 2015 жыл. Иран мен әлем державалары Тегеран ядролық бағдарламасын доғару және Иранға салынған санкцияларды жұмсарту туралы келісімге келген.
Афроамерикалықтар тарихы айлығы құрметіне Ақ үйдегі қабылдау алдында Мишель және Барак Обама 106 жастағы Вирджиния Маклоринмен бірге тұр. 18 ақпан 2016 жыл.
Куба президенті Рауль Кастро бұл елге 1959 жылғы революциядан кейін алғаш рет барған АҚШ президенті Барак Обаманың қолын көтеріп тұр, Революция сарайы, Гавана, 21 наурыз 2016 жыл. Обаманың сапары екі ел қарым-қатынастарындағы тарихи бетбұрыс нышанына айналды.
АҚШ президенті мен бірінші ледиі 2016 жылғы наурыздың 23-і күні Буэнос-Айресте Аргентина президенті Маурисио Макри берген мемлекеттік қонақасы кезінде бишілермен танго билеп жүр.
Обаманың баспасөз хатшысы Джош Эрнестің ұлы Уокер Ақ үйдегі Хэллоуин мерекесі кезінде киген киімін президентке көрсетіп тұр. 31 қазан 2016 жыл.
Барак Обама АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамппен Ақ үйде кездесіп отыр. Вашингтон, 10 қараша 2016 жыл.