Алайда, Қаңтар оқиғасы тек ірі қалаларда болды ма?
Қаңтар оқиғасының алдында газ бағасын елу теңгеден асырмауды талап еткен Жаңаөзен жұртын Қазақстанның өзге өңірлері жаппай қолдағанын естідік, оқыдық, ішінара видеосын көрдік. Бірақ толық картинасы көз алдымызға келді ме? Сондықтан Қаңтар оқиғасы кезінде әлеуметтік желіге әр аймақтан жарияланған әуесқой видеоларды жинап, барынша қысқартып, топтадық.
Бұл видеолардан 2022 жылғы қаңтардың төрті мен бесі күндері ірі қалалар ғана емес, Алтайдан Ақтау мен Атырауға дейінгі ұлан-ғайыр атыраптағы кенттер мен ауылдардың халқы да Жаңаөзендегі елдің талабын қостап, бірге жұмылғанын көреміз. Кейбірінде мыңдаған, кейбірінде жүздеген адам шыққан. Қалыс қалмайық деп он адам болса да төбе көрсеткендері де бар. Бәрі де Жаңаөзенді қолдаған, елдегі әлеуметтік теңсіздікті айтып, әділеттік іздеген. "Шал, кет!" деп саяси талап қойғандары да жеткілікті. Әдетте, Қазақстаны заңы бойынша шеруге, я жиынға шығу үшін биліктің рұқсаты керек. Қаңтар оқиғасы кезінде ешкім ешкімнен рұқсат сұрамағанын айта кету ләзім.
Қаңтар оқиғасы кезінде халықтың билікке айтқан талабына Қазақстанның үн қоспаған өңірі кемде кем. Бұлар YouTube-платформасындағы біз көрген видеолар ғана. Көрмегеніміз қаншама...
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Қаңтар оқиғасында қаза болғандар