Балалар көзімен қарағандағы революция

1919 жылы балалар шығармашылығын зерттеген педагог әрі ғалым Василий Сергеевич Воронов оқушыларының суреттерін жинап, музейге үлкен коллекция өткізген. Воронов Мәскеудегі екі оқу орнында сабақ берген.  

Белгісіз автор: "Мәскеу майданы". 28 қазан - 5 қараша.1917 жыл.

"Ол педагог және психолог ретінде балалар шығармашылығын жақсы сараптаған. Айталық, ұл балалар соғыс, революция, тәрізді оқиғаларды бейнелегенін көрргенде олардың суретке барын салғанын көресің",- дейді көрме кураторы Евгений Лукьянов.

Белгісіз автор. "Атыстан кейінгі үй".

Көп суреттерге тақырып қойылмаған. Аыторлары да белгісіз. Вороновтың жазбаларында да тиісті деректер табылмаған. 

Белгісіз автор. "Театр алаңындағы ұрыс". Броневиктегі сөзді аударып, тарқатқанда "Жұмысшы және солдат депутаттарының советі" (Совет рабочих и солдатских депутатов) дегенді білдіреді.

Воронов шәкірттері салған суреттерімен қоса олардың елдегі оқиға туралы ойлары жазылған жазбаларды да сақтаған. 

Белгісіз автор. "Көшедегі атыс".

"Жазбаларды оқи отырып, февраль және октябрь революцияларының арасында жер мен көктей айырмашылық бар екенін байқайсың. Революцияның бірі елді зұлымдықтан азат етті, екіншісі - қанды төңкеріс арқылы елді зұлымдық құшағына салып берді",- дейді Лукьянов. 

Белгісіз автор. "Мәскеудегеі азаматтық соғыс".

Мәскеу орталығында болған оқушылар қым-қуыт оқиғаға куә болды. 

Дусман. "Қызыл гвардияны ату".

"Мәскеуді, Кремльді атқан кезде оқушылар үш-төрт күн бойы үйден шыға алмай қалғанын үрейлене отырып жазған. Олар большевиктер келіп, бәрін бауыздап кетеді деп қорқып, көшеге шыға алмай қалған", - дейді Лукьянов.

Белгісіз автор. "Атыс кезендегі Кремль".

Гимназияда негізінен Мәскеу зиялыларының балалары оқыған. Мұндағы жылдық оқу бағасы 300 рубль болған. Бүгін бұл сумма 300 мың рубльді (бес мың доллардан астам) құрайды. 

Дусман. "Большевиктердің юнкерлерді атуы".

Музей қызметкерлері аты-жөндері жазылған бірнеше суреттің ғана авторларын анықтай алды. 

Белгісіз автор. "Қоршауға алу".

Авторлардың көбінің тағыдыр белгісіз. Кейбіреулер соңынан эмиграцияға кеткен болуы да мүмкін.

П. Григорьев. "Телефон станциясы жанында өлгендер".



Косарев. "Большевиктердің қару іздеп тінту жүргізуі".



Добкевич. "Кремльдегі атыс".



Белгісіз автор. "Атыстан кейінгі Кремль маңындағы үйлер".



А. Малышков. "Студенттер мен юнкерлерді жерлеу".



Гончаров. "Большевиктер мазары".