Мәскеудегі құрылыс нысандарының бірінде жұмыс істейтін мигранттар. Қаңтар, 2013 жыл.
Мәскеудегі құрылыс нысандарының бірінде жұмыс істейтін еңбек мигранттары. Мамыр, 2013 жыл.
Ресей билігі 2013 жылы шілде айында Мәскеу базарларына жасалған рейд барысында жүздеген еңбек мигрантын ұстады. Бұл рейд Мәскеу базарында бір полиция қызметкері жарақат алған соң жүргізілді.
Мәскеудегі бұрынғы Черкизов базарының аумағында заңсыз мигранттарды ұстау үшін ашылған лагерьде тұрған полиция қызметкері.
Мәскеудің солтүстік-шығысында орналасқан лагерьдегі вьетнамдық заңсыз мигранттар. Тамыз, 2013 жыл.
2013 жылы тамызда Мәсеу базарларына жасалған рейдтер барысында ұсталған заңсыз мигранттар арнайы лагерьде тұр.
Сібірдегі Красноярск қаласындағы базарда құжат тексеру барысында ұсталған мигрант-жұмысшыларды полицейлер автобусқа отырғызып жатыр. Тамыз, 2013 жыл.
Жаз кезінде ұсталғандардың көбі Орталық Азия елдерінен келгендер болды, Ресейде еңбек мигранттарының басым бөлігін де осылар құрайды. Өзбек, тәжік және қырғыз жұмысшыларының көпшілігі заңды құжаты бола тұра ұсталып, бопсалауға душар болып, аштық пен тепкі көргендерін айтады.
Сочиде 2014 жылы қысқы олимпиада ойындарына дайындық жұмыстарын атқарған мигранттарды жаппай ұстағаны туралы хабарлар тарады. "Хьюман Райтс Уотч" құқыққорғау ұйымының айтуынша, Краснодарда мигранттарды ұстау 2013 жылы қыркүйекте губернатор Александр Ткачевтің "қаланы тазарту" үшін "бригадалар рейдін" өткізуге шақырған соң басталған.
Полицияның қолына түскен мигрант әйел телефон арқылы сөйлесіп тұр. Красноярск, қыркүйек, 2013 жыл.
Красноярскідегі полиция бөлімінде қамауда отырған, бұрынғы совет республикаларынан шыққан заңсыз мигранттар құжатқа қол қойып жатыр. Қыркүйек, 2013 жыл.
2014 жылы қысқы Олимпиада өтетін Сочиден 40 шақырым жердегі Красная Поляна елді мекенінде қой айдап бара жатқан мигрант-жұмысшылар. Ққыркүйек, 2013 жыл.
Ресей полицейлері 2013 жылы қазанда Мәскеудің Бирюлево ауданында мигранттарға қарсы тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған адамды алып барады. Жергілікті жас орыс жігітін әзербайжандық мигрант жұмысшы пышақтап өлтіріпті-міс деген хабар ірі қақтығысқа ұласып, ұлтшылдар көліктерді қиратып, терезелерді сындырып, мигранттарды іздеп, көкөніс қоймаларын ақтарып тастады.
Екі күндік шара барысында 1200 шетелдік жұмысшы ұсталды
Ресей федералдық миграция қызметінің Мәскеудегі кеңсесінде жұмысқа рұқсат алу үшін өтініш беруге кезекте тұрған мигранттар. Қазан, 2013 жыл.