Мобилизацияға ілінген ресейліктер соғысқа қалай аттанып жатыр?

Ресейдің оңтүстігіндегі Дондағы Ростов облысы Батайск қаласында әскерге шақыртылғандар 26 қыркүйекте әскери орталыққа жиналды. Қыркүйектің басында Украина әскерилері Харьков облысында қарымта шабуылға шығып, ондаған елдімекенді босатты. Украина қарулы күштерінің шабуылынан Ресей тарабы көп шығынға ұшырағаны айтылады.

Православ шіркеуінің қызметкері әскерге алынғандардың алдында діни жоралғы жасап жатыр.

Ресей православ шіркеуінің басшысы Кирилл патриарх 25 қыркүйекте жексенбілік уағызында "соғыста жүріп қаза болғандардың барлық күнәсі кешіріледі деп сенеміз" деген еді. 

 

Соғысқа аттанғандар жақындарымен қоштасып жатыр.

Батайск қаласында әскерге шақырту алғандар. 

Әскерге кетіп бара жатқан жақынымен қоштасып тұрған әйел. Омск облысы Тара қаласы.

Ресейде мобилизацияға қарсы наразылықта 2500-ге жуық адам ұсталғаны айтылды. 

 

Тара қаласынан соғысқа аттанып бара жатқандар. 26 қыркүйек.

Омбы облысы Большеречье ауылының тұрғындары жақындарымен қоштасқан сәт.

Батайскіде әскерге шақырту алғандар қоштасу рәсімінде тұр.

Батайск қаласында жақындарын соғысқа жіберіп жатқан жұрт. 

Жақынын соғысқа шығарып салуға келген әйелдер.  Батайск қаласы

Батайскідегі азаматтар тексерістен өтіп жатыр.

Тара қаласында азаматтарды тексеріс түнге дейін жалғасты.

Ресей президенті Владимир Путин "ішінара мобилизация" (ресейліктер мұны толыққанды мобилизация дейді) жариялағаннан кейін елдегі азаматтар әскерге жаппай шақырту ала бастады. Соғысқа аттанып бара жатқандардың арасында әскери тәжірибесі жоқтар да көп. Әскерге шақырту алғандар жақындарымен қоштасып, діни жоралғылар жасап, әскери базаларға аттанып жатыр. Ал елде Кремль жариялаған мобилизацияға наразылық күшейіп барады. Бірнеше аймақта жұрт жақындарын Украинаға соғысқа жіберуге наразы болып, көшеге шыққан. Бұған қоса, мыңдаған ресейлік шекара асып, көрші елдерге қашып жатыр.