Jamestown қоры маусымның 29-ы күні Орталық Азия аймағындағы әскери жаттығулар жайында мақала басты. Мәскеу АҚШ әскерінің осы аймақтағы оқу-жаттығу жобаларының түпкі мақсатына күмәнмен қарайды.
АҚШ-тың Орталық Азия елдеріне қауіпсіздік мәселесі бойынша жәрдем беру жайлы ұсынысы үнемі Ресейдің қарсылығын туғызады. Мәскеу Вашингтонның бұл әрекетін "аймақтағы ықпалымды барынша әлсірету үшін жасаған әдісі" деп есептейді.
«БАТЫС СТАНДАРТТАРЫН ҮЙРЕНЕ БЕРГЕН ЖӨН»
Jamestown («Джеймстаун») қорының жазуынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер өткен айда Тәжікстандағы «Бейбіт миссия» деп аталатын әскери оқу-жаттығуын аяқтай салысымен Орталық Азия елдері АҚШ-пен де бірлесіп, тағы да жаттығу өткізген. Бұл жобаның мақсаты - әріптес елдер төтенше немесе апатты жағдайға тап болғанда бір-біріне жәрдем беру жұмыстарын үйрену.
Мақала авторы «АҚШ-пен өткізген жаттығудың түпкі мақсаты Ресей үшін әлі де анық емес» деп есептейді. Мәскеу бұл жаттығулардың мақсат-мүддесіне күмәнмен қарайды. Себебі дәл осындай мақсаттағы оқу-жаттығу жұмыстары ТМД елдері арасында онсыз да өтіп тұрады.
Jamestown-ның дерегінше, АҚШ-тың жетекшілігімен ұйымдастырылған «Аймақтық бірлестік» оқу-жаттығу жобасына АҚШ-тың орталық командасы, ұлттық гвардиясы, халықаралық даму агенттігі, Манас әуежайындағы әскери құрылымдар, Орталық Азия елдерінің түгелінің әскери бөлімшелері - шекара, ішкі істер (ІІМ) және төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) әскерлері қатысқан.
Зертеу орталығының жазуынша, осы екі түрлі (Ресеймен және АҚШ-пен бірлескен) оқу-жаттығу жоспарының бір уақытқа сәйкес келуі кездейсоқтық болуы мүмкін. Оның үстіне «Аймақтық бірлестікке» (АҚШ-пен өткен – ред.) әскерилер ғана емес, апатты жағдайда жәрдем беруді үйрететін азаматтық қорғаныстың мамандары да қатысқан.
Jamestown мамандары «бұл жобаны дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін әскери жаттығумен шатастырудың қажеті жоқ» деп санайды. Бұл оқу-жаттығу шарасына жоғары шенді офицерлерден бастап, қатардағы сарбаздарға дейін қатысқан. Олар жаңадан шыққан компьютерленген құрал-жабдықтарды қолдануды үйренген.
Америкалық мамандар «Бұл жолғы жаттығулар жоғары деңгейде өтті» деп мәлімдеген.
Орталық Азия елдерінің басшылары «Мұндай оқу-жаттығулар мамандардың кәсіби шеберлігін ұштай түсу үшін керек. Оның үстіне барлық мамандар батыстық стандарттағы жұмыс жасау үлгілерін меңгере бергені жөн» деген пікір айтқан.
АҚШ-ТЫҢ «ҚАЗБАТҚА» ҚАТЫСТЫ ӨТІНІШІ
АҚШ-тың қорғаныс және қауіпсіздік қызметі Қазақстанның бейбітшілік сақтаушы әскери бөлім («ҚазБат») сарбаздарын соғыс өнеріне үйретуде жыл сайын қиналады.
АҚШ пен Ұлыбритания әскері жыл сайын қыркүйек айында «Дала қырандары» оқу-жаттығуын өткізеді. Батыс әскерімен жаттығып, тәжірибе жинаған «ҚазБат» сарбаздары әскердегі мерзімдері аяқталған соң қызметтен кетіп қалады. Олардың
білімі мен жинаған тәжірибесі зая кетеді. Соның кесірінен Батыс мамандары былтырғы үйреткен жұмыстарын басынан бастап қайталап үйретуге мәжбүр.
Мамандар «ҚазБатта» тұрақты қызмет ететін сарбаздарды көбейту жайында Астанаға үнемі айтып келеді. Бірақ «ҚазБатта» әлі негізінен әскерге уақытша алынатын жауынгерлер қызмет етеді. Автор «оқу-жаттығу жобаларына ІІМ мен ТЖМ мамандарының ғана қатысуы қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қоспайтынын» айтқан.
Зерттеушілердің пайымдауынша, «АҚШ-тың аймаққа ықпал ету мүмкіндігінің шектеулі екенін Мәскеу жақсы түсінеді. Сондықтан мұндай оқу-жаттығу ісіне байланысты дау әзірше өршімей тұр. Әлбетте, Ресей ТМД елдері арасында әр түрлі қорғаныс, құтқару сияқты іс шаралар аясында әскери жаттығулар өткізу арқылы аймақтағы ықпалын бекіте түскісі келеді».
«РЕСЕЙДІҢ ОРНЫН ҚЫТАЙ БАСАДЫ»
Мақала авторы осы проблемаға қатысты Ресей журналистерінің де пікірлерін берген.
Ресейлік Георги Ковалев пен Олег Горбуновтың жазуынша, Ресейді қатты алаңдататып отырған дүние - Батыстың Орталық Азия елдерімен жасап жатқан жаңа келісімі.
Жаңа келісім бойынша, «2014 жылы НАТО әскері Ауғанстаннан шыққан соң әскери арсеналдарын Орталық Азия елдерінде сақтауды көздейді».
Ресейлік зерттеушілердің ойынша, «бұл аймақта Батыс ықпалының күшеюі - Орталық Азия елдерімен әр түрлі одақтар құрып, аймаққа ықпал етіп отырған Ресей мүддесіне қайшы».
Ресей журналистері НАТО-ның Ауғанстаннан шығу жоспары жайлы талдап жазғанымен, 2014 жылдан соңғы Қытай ықпалы жайында жақ ашпаған.
Мақала авторының ойынша, АҚШ та, Ресей де 2014 жылы НАТО әскері кеткен соң аймақтағы жағдайдың күрт өзгеретінін жақсы түсінеді. Бірақ «одан кейін аймақта кімнің ықпалы басым болады?» деген сауал жауапсыз қалған.
«Жергілікті халық болашақта «Ресей ықпалы әлсіреп, оның орнын Қытай басады» дегенді түсініп отыр» дейді автор.

2014 жылы НАТО әскері Ауғанстаннан шыққан соң, әскери арсеналдарын Орталық Азия елдерінде сақтауды көздейді.