Pussy Riot панк-тобының әншісі Мария Алехина рақымшылықпен түрмеден босатылды. Енді ол адам құқықтарын қорғаумен айналысуға ниетті.
Pussy Riot панк-тобының мүшесі Мария Алехина бүгін Нижегород облысындағы жазасын өтеп жатқан түрмеден бостандыққа шықты. Алехина Ресейде өткен аптада конституцияның 20 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа ілінген.
Бостандыққа шыққан соң "Дождь" телеарнасына берген сұхбатында әнші "мүмкіндігі болса рақымшылықтан бас тарта алатынын", бірақ түрмедегі жағдай өзін бостандыққа шығып жазалау орындарындағы ахуалды оңалтумен айналысуға мәжбүрлеп отырғанын" айтты.
Ол соңғы жарияланған рақымшылық бойынша тұтқындардың 10 пайыздан азы ғана бостандыққа шығатынына назар аудартты. Оның сөзінше, рақымшылыққа ауыр қылмыс жасады деп сотталған аяғы ауыр әйелдер мен аналардың көпшілігі ілінбейді және олар өздерінің түзетілуіне ешқандай жағдай жасалмаған жерде отыр. Ол енді Pussy Riot-тың түрмеден әлі босатыла қоймаған тағы бір мүшесі Надежда Толоконниковамен бірге Ресей түрмелеріндегі ахуалға көңіл аударуға ниетті.
Надежда Толоконникованың күйеуі Петр Верзиловтың айтуынша, әйелі бүгін бостандыққа шығуы мүмкін.
Pussy Riot мүшелері Мария Алехина, Толоконникова және Екатерина Самуцевич Мәскеудегі құтқарушы Ғайса ғибадатханасында президент Владимир Путинге қарсы ән айтқаны үшін 2012 жылы тамызда "бұзақылық жасады" деген айыппен екі жылға сотталған еді.
Кейін Самуцевичтің жазасы шартты жазаға ауыстырылды. Алехина Нижегород облысында жазасын өтеп жатқан. Ал Толоконникова қазір Красноярск өлкесінде түрмеде отыр.