Құқық қызметкерлері тінту жүрізіп жатқан пәтері орналасқан үйдің төбесіне шығып алған Михаил Саакашвили төменде жиналған жақтастарына сөйлеп тұр. Украина қауіпсіздік қызметінің арнайы тобы ел президенті Петр Порошенконың саяси қарсыласын ұстап, тергеу органына жеткізу үшін оның үйіне келген болатын.
Киевы уақытымен таңертеңгі сағат 7-де қауіпсіздік қызметінің арнайы тобы Саакашвилиді ұстап, үйден сыртқа алып шықты.
Арнайы мақсаттағы топтың қызметкерлері Михаил Саакашвилиді шағын көлікке күштеп салып жатыр. Ресми ақпарат бойынша, ол Украинадағы "заңды билікті құлатуға әрекет жасады" және Украинаның қызметтен қуылған экс-президенті Виктор Януковичтің "төңірегіндегі адамдардан қаржы алған" деген күдікпен ұсталған. Тергеу болжамы бойынша, Саакашвилидің "қылмыстық ұйымдардың адамдарына болысуға" және "олардың іс-әрекетін жасыруға" қатысы бар-мыс.
Саакашвилидің жақтастары мен қауіпсіздік қызметінің арнайы тобының тайталасы.
Саакашвилидің үйінің жанында тұрған Ұлттық гвардия қызметкерлері мен оппозициялық саясаткердің жақтастары арасындағы қақтығыс.
Саакашвили отырған шағын автобустың жолын бөгеген жұртты шетке ығыстырмақ болған полиция қызметкерлеріне қолын сермеп тұрған әйел.
Саакашвилидің жақтастары мен Ұлттық гвардия сарбаздарының тіресі. Саакашвилидің көмекшілері оның пәтерінде тінту жүріп жатқаны туралы хабарлағаннан кейін оппозициялық саясаткерді қолдауға жүздеген адам келді.
Михаил Саакашвилиді күштеп отырғызған шағын автобус Тәуелсіздік алаңы – Майданға (2014 жылы Украинаның Еуропа Одағымен келісім жасасуын қолдаушылардың үкіметке қарсы шеруі болған алаң) тақаған кезде наразылар жолды жауып, көлікті өткізбей қойды.
Құқық қызметкерлері наразы жұртқа көзден жас ағызатын газ шашты.
Саакашвилидің жақтастары көшеге кеспе тас төсеп жатыр, алаң маңындағы жағдай шиеленісе түсті.
Оппозициялық саясаткерді қолдауға жиналған наразылар қолға түскен заттардан баррикада тұрғыза бастады.
Саакашвили өзін СБУ шағын автобусынан босатып алған жақтастарының ортасында тұр.