Шымкенттегі сурет өнері фестивалі
Орталық саябақта «Бақытты балалық шақ» тақырыбымен өткен асфальтта сурет салу байқауына қырыққа жуық оқушы қатысты. Қазылар алқасының ұйғарымы бойынша, бірінші орынды 10 жастағы Азиза Миралиева иеленді. Шымкент, 14 мамыр 2016 жыл.
«Бақытты балалық шақ» байқауына қатысушы оқушы бала салған сурет.
«Бақытты балалық шақ» тақырыбымен орталық саябақта асфальтта сурет салуға қатысқан балалардың жұмысына қазылар алқасы мүшелері баға берді.
Қолөнермен айналысатын студент Пердебек Ергеш асыққа қазақтың әртүрлі ою-өрнегін салып жасаған бұл бұйымын «Ұрпаққа аманат» деп атапты.
Пердебек Ергеш әзірлеген қолөнер бұйымын қызықтап тұрған оқушылар.
Орталық саябақта суретші Расул Естемесов (ортада) өткізген шеберлік сабағына қызығушылық танытқан балалар оны қаумалап алды. Шымкент, 14 мамыр 2016 жыл.
Фестиваль аясында өткен шеберлік сабағына қатыстып тұрған жастар. Шымкент, 14 мамыр 2016 жыл.
Суретші Расул Естемесов өзі жазған шығармаларының бірін көрерменге сыйға тартты. Шымкент, 14 мамыр 2016 жыл.
Шеберлік сабағында сурет салып отырған оқушы қыз. Шымкент, 14 мамыр 2016 жыл.
Тәуелсіздік саябағында жалғыз граффитиді салып жатқан Алпамыс Батыров Алматыдан шақырту бойынша арнайы келіпті. Суретшінің айтуынша, саябақтағы автотұрақ қабырғасына «Келешек біздің қолымызда» атты композициясын салу үшін екі күн уақыт кеткен. Шымкент, 14 мамыр 2016 жыл.
Алпамыс Батыров ұзындығы отыз метрге жуық қабырғаға салынған туындысында бірнеше бейне арқылы «келешекті шығармашылықпен, мәдениетпен байланыстыруға тырысқанын» айтады.