Оймякон - әлемдегі ең суық жер

Оймякон ауылының екінші атауы - "суық полюс". Бұл ауылда 1933 жылы рекордтық -71,2 градус аяз болған. 

Совет заманында құрастырылған машина терезесінен қарағандағы көрініс. 

Сібірдегі 270 мың адам тұратын Якутск қаласы да әлемдегі ең суық жердің бірі. 

2018 жылы қаңтарда Якутсктегі күн райы -50 градусқа дейін түсті.
 

Оймякон тұрғыны ауласында тұр. 

Оймякон ауылындағы дәретхана. Елдімекенде жер қатып қалатындықтан дәретхана үшін канализация тарту мүмкін емес. 

Оймякон атауы жергілікті тілден аударғанда "Қатпайтын су" деген мағына береді. Малдар су ішіп жатқан бұлақ қыс бойы қатпайды. 

Бұл аймақтағы якут жылқысы (суретте) сияқты жануарлар сүйектен өтетін аязға үйренген. Якут жылқысы азығын тұяғымен қар астынан аршып жейді.
 

Иттің Лайка деген түрі де аймақтың ауа райына үйренген.
 

Бірақ кей иттерге Сібір қысы қиын тиеді. 

Қысқы мал қора.

Фотограф Эймос Чапплдың Оймяконда жүрген сәті. Жаңа зеландиялық қыстың күні көшеде мас адамдарды кездестіргенін, олар қоқаң-лоқы көрсеткенін айтады.
 

Оймякондағы жалғыз дүкен іші балалардың арақ-алкоголь тақырыбына арналған суреттерімен безендірілген. «Оқушылар бұл суреттерімен әкелерін арақты аз ішуге шақырады" дейді фотограф. 

Бульдозер ауылдағы қазандықтан күл шығарып жатыр. Қазандық құбырдағы су қатып қалмас үшін 24 сағат бойы жұмыс істейді.
 

Оймякон ауылындағы аулалардың бірінде ілініп тұрған аяқ киім. 

Оймякон ауылының сырт жағы. Чаппл айтуынша, "бұл фотограф ретінде сәтті сапар, бірақ адам ретінде өте ауыр саяхат болған". Ол "осы аймақта жыл бойы тұратын адамдарға құрметім ерекше" дейді.