Серік Ахметов ісінің соты
Your browser doesn’t support HTML5
Қарағанды қаласында бүгін Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов ісінің соты жалғасты. Айыпталушылар - 21 адам. Олар - негізінен Қарағанды қаласы және облысы әкімдіктерінің бұрынғы қызметкерлері. Бұрынғы шенеуніктерге коррупциялық айыптар тағылған. Үйқамақта отырған Ахметов сотқа қара түсті көлікпен келді. Қамауға алынған Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев пен Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловты сотқа айдауылдар әкелді.