Жексенбі күні швейцариялықтардың басым бөлігі мешіттердегі азан шақыратын мұнараларға тыйым салуды қолдап дауыс берді. Бұл мәселені дауыс беруге шығарған оңшылдар партиясы минареттер ықпалды күшті білдіріп, Швейцарияны исламшыл ел ету стратегиясын ұстанады дейді.
Швейцариядағы референдум қорытындысы халықтың 57 пайыздан астамы елде минарет құрылысына тыйым салу ұсынысын қолдағанын көрсетті.
Швейцария бүгінгі таңда 400 мың мұсылманның мекені әрі бұл елде 4 мешіттің минареті бар. Ол референдумның қабылданғанына қарамастан, бұрынғыдай қала беретін болады.
Швейцария үкіметі мен парламенті бұл діни еркіндікті, адам құқықтарын бұзады деп өз тұрғындарын тыйым салу ұсынысынан бас тартуға шақырған. Және билік бұл тыйым салу шарасы Швейцарияның халықаралық беделіне нұқсан келтіреді деп алаңдап отыр.
Ал жексенбі күні дауыс берулер аяқталған 30 минуттан кейін-ақ француз тілді телеарналар тыйым салу қабылданатын сияқты деп бұл бағытты қолдап хабар таратты.
Бұл даулы ұсынысты Швейцарияның халықтық оңшылдар партиясы ұсынып, минарет исламданудың белгісі дегенді алға тартты.
Минарет құрылысына қарсы науқан жүргізгендер 100 мың адамның қолын жинап, елде референдум өткізуді талап еткен.
Олардың айтуынша, Швейцария Конституциясына өзгеріс енгізіп, “минарет құрылысына тыйым салынған” деген сөйлемді жазып қою керек.
Швейцарияның халықтық партиясының мүшесі, оңшыл саясаткер Улрих Шлуердің айтуынша, минарет билікке деген саяси-діни талаптың нышанын білдіреді:
«Біз исламға тыйым салып жатқан жоқпыз. Біз исламның саяси нышаны минаретке тыйым саламыз. Минареттің дінге қатысты ештеңесі жоқ. Ол исламдағы саяси жеңістің белгісі. Айтатын бір мәселе түріктер Константинопольді басып алғанда, оның ең үлкен шіркеуінің үстіне минарет орнатқан.»
Amnesty International минаретке тыйым салу шарасы Швейцарияның діни еркіндік жөніндегі міндеттемелеріне қайшы келетінін ескертті.
Алдыңғы сауалнамалар Швейцарияның орталық округіндегі неміс тілділер минаретке тыйым салуды қолдап дауыс бергенін көрсетсе, ал Женева мен елдің оңтүстік-шығысындағы француз тілділер қарсы дауыс бергенін байқатқан болатын.
Женевадағы референдумға қатысқандардың бірі бұл ұсынысқа қарсы қатқыл сөздер айтты:
«Мен бұл бастамаға қатты таң қалдым. Бұл менің сізге жауабымда айтқан ұстанымым. Мен бұл бастамаға қарсымын, өйткені бұл төзімділікті танытпайды деп ойлаймын».
Жексенбі күнгі дауыс берулер аяқталған соң дауыс беруге қатысқан Швейцария тұрғындарының 57,02 пайызы бастаманы қолдап дауыс бергенін көрсетті.
Референдум алдында швейцариялық басылымдар алдын ала жүргізілген сауалнамалар халықтың минаретке тыйым салуды қолдамайтынын көрсетті деп жазған еді.
Сауалнама жүргізетін GFS.bern институтының жетекшісі Клод Лонгшэмп бұл тыйымды елдің 26 округінің жартысынан көбі мақұлдаса, ел Конституциясына өзгеріс енгізіледі деген болжамдар айтылған еді деді.

Біз исламға тыйым салып жатқан жоқпыз. Біз исламның саяси нышаны минаретке тыйым саламыз. Минареттің дінге қатысты ештеңесі жоқ. Ол исламдағы саяси жеңістің белгісі...