Түркиядан келген 18 жастағы Жансет Генел ат үстінде садақ тарту бәсекесінен бірінші орынды иеленді.
Ат үстінде садақ тарту бәсекесіне қатысқан қырғызстандық Аида Ахматова. Ойын ережесі бойынша, шабандоз атпен шауып келе жатып 120 метрлік жол бойындағы үш жамбыға жебені дәл тигізуі тиіс.
Көшпенділер ойындарына АҚШ-тың Техас штатынан қатысқан Сюзанна Уинфилд алаңға ковбойша киініп шықты.
Қырғызстандық Аяна Рүстем (сол жақта) бәсекелестерімен бірге садақ ату сайысы кезінде.
Ұлттық киім киген жас әйел фестиваль қонақтарына нан ұсынып тұр.
Көшпенділер ойындарына қатысушы қыз бен жігіт.
Ұлттық киім киіп, қодас мінген қырғыз әйелдері.
Салт атты жігіттер фестивальді тамашалауға келген меймендарды тау өзенінен атқа мінгізіп өткізіп жатыр.
Индонезиядан Дизи Хидаяти фестиваль сахнасында ұлттық би билеп, өнер көрсеткеннен кейін суретке түсіп тұр.
Қырғызстандық садақшы қыз Аида Аматова жарыс кезінде төрешімен сөйлесіп тұр.
Көшпенділер ойындарында садақ ату сайысына Моңғолиядан келген Бан Батар да қатысты.
Қыршын жайлауындағы этноқалашықты тамашалап жүрген қырғыз әйелдері.