Абай алаңындағы бабалар әуені
The Spirit of Tengri фестивалін тамашалауға биыл да көп адам жиналды. Көрермендер арасында жастар көп екені байқалды. Отбасымен бірге келгендер де аз емес.
Бесінші The Spirit of Tengri халықаралық фестивалінің ашылу салтанаты.
Литвадан келген Marga Muzika ұжымы Алматы фествиваліне тұңғыш рет қатысып отыр.
Ресейдің Тыва республикасынан келген Huun Huur Tu өнер ұжымы мен олардың жетекшісі, жұрт таныған көмеймен ән айту шебері Радик Тұлыш бұл фестивальға төртінші жыл қатысып отыр.
The Spirit of Tengri этникалық музыка фестиваліне биыл Қазақстаннан «Тиграхауд» этно-рок тобы, ұрмалы аспапшылардан құрылған «Барабаны Алматы» жобасы, ди-джейлер қатысып, өнер көрсетті.
Биыл The Spirit of Tengri фестиваліне алғаш рет Африка құрлығы өкілдері қатысты. Секу Куйет жетекшілік ететін өнер тобы Гвинеядан келген. Топ жетекшісі 21 шекті халық аспабында ойнайды.
The Spirit of Tengri этникалық музыка фестивалін тамашалауға ұлттық бас киіммен келген қарт көрермен.
Көрермендер арасында жұрт назарын аударатын киім кигендер де болды.
Башқұртстандық әнші Екатерина Ямщикова The spirit of Tengri фестиваліне осымен екінші рет қатысып жатыр.
Ресейден қатысқан Shono Music тобы электрлі гитара, бас-гитара, дауылпаз және ұлттық саз аспаптарының сүйемелдеуімен көмеймен ән салды.
Суретте: Shono Music тобының жетекшісі Александр Архинчеев.
Сахнада Израильден келген қонақтар - Dudu Tassa & The Kuwaitis тобы өнер көрсетіп жатыр.
The Spirit of Tengri фестивалін тамашалауға жиналған көрермендер.