Ұйғыр белсенділер түрмедегі аналар құрметіне митинг өткізді
Your browser doesn’t support HTML5
Түркияның Стамбул қаласында 8 наурыз күні жүздеген әйел Қытайдың ұйғырларға жасап отырған саясатына қарсы наразылық акциясы өтті. Акцияға қатысқан ұйғыр әйел Нұрсиман Әбдірашит Шыңжаңда жақындарының қамауда жатқанын айтты. Өзі сияқты Түркиядағы ұйғырлар Қытайға экстрадициялана ма деп қауіптенеді. Себебі Пекин жақында Анкарамен екі ел арасындағы экстрадиция келісімін бекіткен. Құжат Түркия парламентінің қарауында.