Түркістанда тасқын болып, бірнеше ауылды су басты
Your browser doesn’t support HTML5
Түркістан облысында бірнеше ауданда тасқын болып жатыр. Жауын толассыз жауып, сай-сайдан еріген қар суы елді мекендерге кірген. Кейбір жолдар жабылған. Төтенше жағдайлар департаменті әсіресе Сауран ауданындағы ауылдарға қауіп төніп тұр деді. Адам шығыны жоқ дейді билік.