Соғыс кезіндегі соңғы қоңырау. Шабуылдан зардап шеккен Черниговтегі мектеп түлектері

Черниговтегі мектептерді бітірген түлектер соғыста қираған танкінің жанында тұр.

Фотограф Станислав Сеник Ресей басқыншылығынан босатылған қалалардағы түлектерді суретке түсіріп, арнайы мектеп бітіру альбомын жасай бастаған. "Он жылдан кейін бұл оқушылардың өз балалары болады, сол кезде олар балаларына осы фотолар арқылы орыстардың не істегенін көрсетеді" дейді фотограф.

Бұған дейін үйлену тойлар мен портреттік суреттер түсіріп жүрген Сеник Ресей Украинаға басып кіргелі соғыс жайлы фотолар түсіре бастаған. "Еліме көмектесетін жобаларды жүзеге асырғым келді" дейді ол. Фотограф суреттерін онлайн аукционда сатып, түскен қаржыны Украина әскеріне аударғысы келеді. Ол бұл фотолары арқылы елінде не болып жатқанын әлемге жеткізуді де көздейді.

Сеник әлеуметтік желі арқылы фотосессияға қатысатын 40 түлекті тапқан. Ол түлектерді Черниговтегі соғыстан қираған жерлерге апарып фотоға түсірген. Мектеп бітіргендер соғыс басталғалы сыныптастарын көрмегенін айтқан.

Синек фотосессияға қатысқан оқушылардың өте қуанышты болғанын айтады. "Балалардың жүзінен көңілсіздік байқамадым, олардың сағы сынбаған. Соғыс оларды мықты ете түскен" дейді ол.

 

"Осы оқушылардың өмірін, осы оқиғаны суретке түсіріп алғым келеді" дейді Синек.
Ресей Киевті басып алмақ болғанда Чернигов қаласына да шабуылдап, үйлер мен мектептерді атқылаған. Ресейлік әскерилердің Киевті алу жоспары жүзеге аспаған соң Черинговтан шығып кеткен.

"Бұл фотолар оқушыларға ес жиюға көмектеседі. Түлектердің бірінің анасы суреттерді көрген соң маған қатты риза болды, сол сәттегі эмоциямды айтып жеткізе алмаймын" дейді фотограф.

 

"Адамдарға көмектесетін іс жасап жүргенімді түсіндім және фотография адамға ерекше эмоция сыйлайтынына тағы да көзім жетті" дейді Синек.

Фотографқа да бұл жобасы ауыр тиген. "Соғыс бұл оқушыларды талай қызықтан айырғанын ескерсек, олардың бәрі батыр" дейді Синек.

Синек соғыстан түсірген суреттерінен халықаралық көрме ұйымдастыру үшін демеуші іздестіріп жүр. 
 

Әдетте мектеп бітірген түлектердің фотоларынан қуанышқа толы жүздерді көретін едік. Бірақ Украинадағы соғыста зардап шеккен Чернигов қаласындағы түлектер шабуылдан қираған жерлерде суретке түсті. Бұл суреттер арқылы соғыстың талай жастың өміріне, жоспарына өзгеріс енгізгенін көруге болады. Азаттық радиосы түлектерді суретке түсірген фотограф Станислав Сеникпен тілдесті.