Нескучное. Украина қарулы күштері қарымта шабуыл барысында азат еткен ауыл
Жақында Ресей әскерінен азат етілген Нескучное ауылындағы қираған үйдің үстіңгі жағына тігілген Украина туы. Донецк облысы, 13 маусым, 2023 жыл.
Украина қарулы күштері Ресей әскеріне қарсы шабуылы барысында жеткен жетістігін көрсету үшін журналистерге Нескучное ауылына кіруге рұқсат етті.
Украина жауынгері өліп жатқан ресейлік сарбаздың қасынан өтіп барады.
Украина елдің оңтүстігі мен шығысында жеті елді мекенді азат еткенін және Бахмуттың төңірегінде алға жылжығынан мәлімдеді. Шабуыл барысында кескілескен шайқас жүріп жатыр.
Нескучное ауылында сау үй қалмаған. Ресей басқыншылығына дейін бұл елді мекенде бірнеше жүз адам тұрған.
Украина жауынгері тағы бір өлген ресейлік сарбаз жатқан тұстан өтіп бара жатыр. Reuters агенттігінің журналисі Нескучное көшесінде кемінде үш ресейлік солдат өліп жатқанын көрген.
Украина жауынгерлері мінген соғыс техникасы өртенген жеңіл автокөлік қаңқасының қасынан өтіп бара жатыр.
Украина жауынгерлері ту тіккен үйдің жанындағы әскери танкіден қалған шынжыр табан.
Нескучное ауылы Донецкіден оңтүстік-батысқа қарай шамамен 90 шақырымда орналасқан. Бұл – Украина қарулы күштері Ресей армиясының шебін бұзуға тырысып жатқан бірнеше бағыттың бірі.
Украина жауынгері азат етілген ауылдан шығып барады. Алыстан гүрсілдеп атылған артиллерия дауысы естіліп тұр.
Мәскеу Украинаның қандай да бір жетістігін мойындамайды. 13 маусымда Ресей президенті Владимир Путин Украина қарулы күштері өткен аптада бастаған қарымта шабуылға тойтарыс беруге жаңа мобилизация қажет деп есептемейтінін мәлімдеді.
Украина жағы журналистерге жақында басқыншылардан азат еткен Нескучное ауылына кіруге рұқсат етті. 13 маусымда тілшілер елді мекенде болып, жағдайды көрді. Украина қарулы күштері Ресей әскеріне қарымта шабуыл бастап, біраз жетістікке жетті.