Корбанды қолдау шеруі
Your browser doesn’t support HTML5
УКРОП партиясының жетекшісі Геннадий Корбанды тұтқындаудың саяси астары бар деп санайтын азаматтар оны босатуды талап етіп, Киевте қарашаның 3-і күні митинг өткізді. Петр Порошенконың үкіметіне қарсы позиция ұстанатын УКРОП (Украина патриоттарының бірлестігі) партиясының басшысы Геннадий Корбан қазанның 31-і күні үйінде тұтқындалып, артынша босатылған еді. Алайда полиция қарашаның 3-і күні оны қайта қамады.