Украинадағы соғыста бауыр еті баласынан айырылған ата-аналар

Харьков облысындағы Салтовка қаласына жасалған әуе шабуылы кезінде 13 жасар бала қаза тапты. Әкесі баласының сүйегінің жанында біраз уақыт дұға оқып отырған. 

Ер адам бомба шабуылынан қаза тапқан ұлының сүйегін көрген сәт. Лисичанск, 18 маусым 2022 жыл. 

Украинадағы соғыста қаза болған ресейлік сержант Даниил Думенконың әкесі мен ұлы жерлеу рәсімінде. Волгоград, 26 мамыр 2022 жыл. 

Оксана Колесникова Ирпендегі шайқаста қаза болған отыз жастағы Анатолий Колесниковтің мәйітінің жанында отыр. 15 сәуір 2022 жыл. 

70 жастағы Надя Трубчанина Бучада қаза тапқан ұлы Вадимді жоқтап отыр. Вадим 30 наурызда Ресей әскерінің қолынан қаза тапқаны айтылады. 

Ирина Тромса 24 жастағы ұлы Богданның қабірінің басында отыр. Богдан Украина әскері сапында соғысып қаза болды. Буча, 23 сәуір 2022 жыл. 

Артем Дмитриев төрт жасар қызы Лизамен қоштасып жатыр. Бүлдіршін 17 шілдеде Винницаға жасалған ракеталық шабуылдан қаза болды. Лиза - осы шабуылдан қаза тапқан 23 адамның бірі. Мерт болғандардың арасында 7 және 8 жасар ұлдар да бар. Лизаның анасы Ирина Дмитриева шабуыл кезінде ауыр жараланған. 

Наталья Погорельцева 23 жастағы ұлы Андрей Мельниктің жерлеу рәсімінде. Андрей Харьков облысындағы шайқаста қаза тапты. 14 мамыр 2022 жыл. 

Михаил Кищиктің анасы (мүгедектер арбасында отырған адам) ұлының жерлеуінде отыт. Михаил Луганск облысында ресейлік сепаратистердің қатарында милиция болып қызмет еткен. 
 

Нина Шевченко 15 жастағы ұлы Артем Шевченконың мәйітінің жанында отыр. Артем 15 сәуірде Харьковқа жасалған шабуылдан қаза болды. 

77 жастағы Валентина Нечипоренко ұлы Русланның зиратында жылап тұр. Буча, 18 сәуір 2022 жыл. 

Әкесі ұлының мәйітін ұстап, жылап отыр. Илья Мариупольдегі ауруханаға жасалған шабуылдан қаза тапқан. 2 наурыз 2022 жыл.

Ресей Украинаға соғыс ашқан соң талай әке мен ана баласынан айырылып, зар жылап қалды.