Бас инструктор Юрий "Чернота" Черкашин (оң жақта) балаларға "Калашников" автоматын жинауды үйретіп жатыр. Лагерьдегі балалар "елін ресейліктерден қорғауды үйреніп, ұлттық идеологияны сіңіреді". Бұл орталықты Украинадағы "Свобода" социал-ұлттық партиясының жастар қанаты құрған.
Украинаның батысындағы ормандардың ішінде орналасқан лагерьде қыздар бар. Юрий "Чернота" Черкашин балаларға "Адамдарға оқ атпаймыз. Бірақ сепаратистерді, "жасыл киімдегілерді", мәскеулік оккупанттарды адам қатарына қоспаймыз. Сондықтан оларды атуға болады" деді.
Инстукторлардың бірі балаларға мылтық атуды үйретіп жатыр.
Бас инструктор Юрий "Чернота" Черкашин "ұлтшылдықты насихаттамаймыз. Гитлер мен Муссолиниді пір тұтпаймыз. Тек Украинамызды жақсы көреміз" дейді. Балалар жаттығуларын Украина әнұранын айтудан бастайды. Черкашин Украинаның шығысындағы сепаратистермен қақтығыста жарақаттанған. Кейін "Свобода" партиясының жастар қанатына мүше болған.
18 жастағы Михаило - лагерьдегі балалардың ең үлкені. Ол "еліміздегі жағдай күрт өзгеріп кетуі мүмкін. Барлығына дайын болуымыз керек. Өзімді және жақындарымды қорғау үшін лагерьге келдім" дейді.
Михаило бастаған лагерьдегі балалар сапта тұр.
Associated Press агенттігінің дерегінше, мұндай лагерьлерді Украина билігі қаржылай қолдайды. Биыл Украинаның жастар және спорт министрлігі "ұлтшылдар ашқан лагерьлерге" 4 миллион гривен (150 мың доллар) бөлген. Министрліктің мәлімдеуінше, "бұл қаржы ұлттық-патриоттық тәрбие жұмыстарына бөлінген".
Лагерьде балаларға арнайы лекциялар да өтеді. Сабақта инструкторлардың бірі Руслан Андреико балаларға ЛГБТ қозғалыстарының зияны туралы лекция оқыды. "Еуропада билікке келгендер ЛГБТ қозғалыстарын, гей парадтарды қолдап, білім жүйесіне енгізгісі келеді. Абай болуымыз керек" деді ол.
Лагерьдегі тәрбиеленушілердің ең кішісі - 8 жаста.
Жазғы лагерьдің қатысушысы қару таңдап жатқан сәт.