Шығыс Украинадағы ұрыс шиеленісіп барады. Украина армиясының әскери дайындығы кейде іске алғысыз, кей жерлерде керісінше өте мықты деп бағаланып жатыр. Олардың мұндай әркелкі нәтиже көрсетуінің себебі неде?
Украина армиясы әр ұрыста әртүрлі - бірде қуат-күші мығым екенін байқатса, енді бірде әлжуаз болып көрінеді.
ЕКІ ЖЕТІСТІК
Осы уақытқа дейін олар екі ірі жетістікке жетті. Соңғысы – маусымның 2-сі күні Луганск қаласы маңындағы шекара отрядының негізгі базасына жасалған шабуылға тойтарыс берді. Үш рет жасалған шабуылға 500-ге тарта бүлікші қатысқан.
Шекарашылардың саны бүлікшілерден әлдеқайда аз болғандықтан, армияның арнайы жасағы мен Украина әуе күштері көмекке келді. Ұрыс бір күнге созылды. Украина үкіметі жеңіске жеткенін хабарлады. Кем дегенде бес сепаратист өлтірілді, үкімет әскерінің арасынан жараланған төрт жауынгердің халі нашар.
Бұдан бұрын Украинаның элиталық әскери бөлімдері мамырдың 26-сы күні бүлікшілер басып алған Донецк әуежайын босатып, сепаратистерді ойсырата жеңген еді. Бұл соғыста ондаған бүлікші қаза тапты. Ал үкімет әскері ұрыстан дін-аман шықты.
ЖЕҢІЛІСТЕР
Алайда мұндай ірі ұрыстарда мықтылығын көрсеткен Украина армиясы Славянск қаласының айналасындағы бүлікшілер орнатқан өткелдерді алу сияқты кішігірім шайқастарда жеңіліп қалып жатыр.
Мамырдың 29-ы күні бүлікшілер жауынгерлер таситын әскери тікұшақты атып құлатты. Одан 13 сарбаз, бір генерал қаза тапты. Мамырдың 2-сі күні бүлікшілер жасағы Украинаның екі барлаушы тікұшағын атып түсірді. Экипаждың екі мүшесі мерт болды.
Киевте тұратын әскери сарапшы, «Украина қорғаныс технологиялары» қауымдастығының президенті Владимир Гректің айтуынша: «Ала-құла нәтижелер
Украина жасақтарының әркелкі дайындығын көрсетеді. Элиталық бөлімшелер жақсы жарақтандырылған болса, кадрлық армия дұрыс жабдықталмаған, олардың осалдық танытуының сыры да осында».
- Екі жағдайда да [Славянскіде де, Донецкіде де] ұрысқа Ми-24 әскери тікұшақтары араласты. Бірақ Донецкіде жетілдірілген тікұшақ пайдаланылды. Оған зенитті-зымыран кешеніне қарсы құрылғы орнатылған. Бұл құрылғы зымыранға жалған сигнал жібереді де, ол басқа жаққа бұрылып кетеді, - дейді Грек.
«Донецкідегі операция кезінде тікұшақтарды зымыраннан сақтап қалған қорғаныс жүйесін Украина қорғаныс өнеркәсібі мамандары жасаған» дейді ол. Техниканы жаңартуға қаражат болмағандықтан, бұл жүйе тек кейбір тікұшақтарға ғана орнатылған, ал көбі баяғы қалпында қалған.
ТОЗҒАН ҚАРУ, ЖАРТЫМСЫЗ ҚАРАЖАТ
Украина тәуелсіздік алғалы (1991 жылы) қорғаныс саласы қаржыдан қағажу көріп келеді. Елдің шығысындағы бүлікшілермен күрес кезінде осы салғырттықтың кесірі анық байқалды.
Киевтегі армия, конверсия және қарусыздану мәселелерін зерттеу орталығының жетекшісі Сергей Журецтің айтуынша, «Украина қарулы күштері қолданып
жатқан қару-жарақтың 100 пайызы 1980 жылдардың соңында шығарылған».
Оның есебіне қарағанда, Украина парламенті соңғы жылдары қорғаныс саласына бөліп келген қаржы техниканы жаңартуға кететін шығынның тек 10 пайызын жауып отырған. Украин әскерилерінің есебі бойынша, қайта қарулануға 131 миллиард гривна (11,3 миллиард АҚШ доллары) қажет. Ал парламент 2013 жылы қорғанысқа тек 15,6 миллиард гривна (1,3 миллиард АҚШ доллары) бөлген.
Салыстыру үшін айтсақ, Польшаның қорғаныс бюджеті - 10 миллиард АҚШ доллары, Ресейдікі - 70 миллиард АҚШ доллары. Ал АҚШ қорғаныс саласына жылына 640 миллиард доллар жұмсайды.
Маусымның 3-і күні НАТО-ның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Украина армиясына көмек көрсету үшін Солтүстік альянстың «Украинадағы реформаларды тиімді ете түсетін, оның қарулы күштерін нығайтатын ұзақ мерзімді шаралар пакетін әзірлеп жатқанын» мәлімдеді. Бұл құжаттар алдағы апталарда дайын болады. Онда нақты қандай мәселелер қарастырылғанын Расмуссен ашып айтпады.
ТӘЖІРИБЕ ДЕ ЖЕТПЕЙ ЖАТЫР
Украина армиясының шабуылдары тек жабдықтың жетіспеуінен ғана мандымай тұрған жоқ. Мұның және бір себебі – соғыс тәжірибесінің жоқтығы.
Соңғы жылдары Украина жасақтары Ауғанстан мен Ирактағы және Балқан түбегіндегі халықаралық бітімгерлік операцияларына қатысып, біраз әскери тәжірибе жинағаны рас. Алайда Гректің айтуынша, бұл операцияларға қатысқан әскерилердің біразы одан бері қарулы күштер қатарынан кетіп қалған.
Тағы бір проблема – Украина әскері қалалар мен ауылдарда бекінген
сепаратистерге ашық шабуылдай алмай, бронды техника мен әуе қорғанысы саласындағы артықшылықтарын толық пайдалана алмай жатыр.
Сепаратистер бүлік бастаған екі ай ішінде Киев бейбіт халық арасында көп адам шығыны болмас үшін сақтықпен әрекет етіп отыр. Кісі өлімі көп болған жағдайда халықтың үкіметке наразылығы күшейіп кетуі мүмкін.
Есесіне осы аралықта бүлікшілер едәуір ірі қарулы шабуылдар ұйымдастыра алатын күшке айналып үлгерді.
Маусымның 2-сі күнгі Луганскідегі шекара отрядының негізгі базасына шабуылдау арқылы бүлікшілер тек жақсы қаруланғандарын білдіріп қана қоймай, Ресейден ұрысқа қажетті қару-жарақ жеткізіп тұратын жолды сақтап қалуға да ниетті екендерін дәлелдеді.
Сарапшылардың айтуынша, қазір Украина армиясына ең керегі – жеңістерін көбейтіп, сол арқылы таразы басын Киевке қарай аудару.
Нью-Йорк университетінің профессоры, пост-советтік елдердегі қауіпсіздік мәселелерін зерттеуші маман Марк Галеотти: «Егер Киев бұл соғыста басым екенін көрсетсе, ең алдымен жауынгерлер рухы көтеріледі. Ал бұл – онша байқалмағанымен, шайқастар кезіндегі ең маңызды факторлардың бірі. Екіншіден, бұл бүлікшілердің сағын сындырады» дейді.
Бірақ маманның айтуынша, Украина армиясының сепаратистерді жеңу-жеңбеуі Ресейге қарап тұр. Мәскеу Луганск және Донецк облыстарындағы бүлікшілердің көмек сұраған өтініштеріне құлақ аспағанымен, жауынгерлер мен қару-жарақтың шекара арқылы Украинаға өтіп жатқанын байқамағансып отыр.
(Азаттық тілшілері Чарльз Рекнагель мен Мерхат Шәріпжановтың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей).