Украинаның экс-президенті резиденциясындағы құжаттарды тоғанға батырып құртпақ болған әрекеттен ештеңе өнбеді. Қазір олардың көшірмелері арнайы сайтта тұр.
Украинаның қызметінен қуылған президенті Виктор Янукович пен жақтастары ақпанның 22-сіне қараған түні Киев маңындағы Межигорье атты президент резиденциясынан қашып бара жатып, жүздеген құпия құжатты су қоймасына тастаған.
Алайда бірер сағаттан соң ол маңға журналистер мен сүңгуірлер де жетті. Ол сәтте кейбір құжаттар су бетінде қалқып жүрген, бумаға салынған басқа құжаттар су түбінде жатқан.
Соңғы үш күн бойы жиырма шақты журналист (арасында Азаттықтың Украин қызметі тілшісі Наталья Седлецкая да бар) пен жаңа үкімет кезінде құрылған тергеушілер тобы қағаздарды кептіріп жатыр. Алғашқы 500 құжат суретке түсіріліп, арнайы веб-сайтқа жүктелді.
МИЛЛИОН ДОЛЛАРЛЫҚ ЕСЕПТЕР
Су қоймасынан 200 бума құжат та табылған. Онда қанша парақ бар екені белгісіз. Сайтта жарияланған 500 құжат – солардың тек аз бөлігі, тіпті жүзден бірі ғана.
Бұл құжаттардың көбі – салтанатты Межигорье резиденциясындағы мүліктердің күдікті тарихы жайлы, Януковичке қатысы болуы мүмкін шүбәлі
компаниялардың күмәнді жолмен жекешелендірілгені туралы, қыруар қаражат жұмсалғаны жөніндегі мәліметтер. Өзге құжаттар Януковичтің Сухолучьедегі саятшылық үйі мен басқа да баспаналарына қатысты мәлімет береді.
Жазбалардың көбінде миллиондаған долларға дейінгі қолма-қол төлемдер сөз болады. Мысалы, 2010 жылдың қыркүйегіндегі бір құжат қандай мақсатқа жұмсалғаны белгісіз 12 миллион доллар туралы дерек береді.
Құжаттарды зерттеп жатқан топтың мүшесі, The Kyiv Post газеті бас редакторының орынбасары Катя Горчинская Януковичтің «үйі мен елін құдды бір ортағасырлық феодалдарша билегенін» айтады.
«ҚАРА ТІЗІМ»
Табылған құжаттардың арасында Янукович жау көрген адамдардың «қара тізімі» де бар. Ол тізімде журналистер, FEMEN белсенділері, Украинаның ұлтшыл ұйымдары мүшелерінің аты-жөндері жүр.
Межигорьеден табылған құжаттар арасында журналист әрі белсенді Татьяна Чорновил туралы материал да бар. Оны белгісіз адамдар ұрлап әкетіп, соққыға
жығып, қаңтардың аязды түнінде шала-жансар күйі тастап кеткен. Бірақ журналист аман қалған. Янукович кезіндегі полиция бұл жайтты «жолдағы агрессия» деп түсіндірген.
Судан шыққан құжаттарды зерттеп жатқан топқа Вернадский атындағы Киев кітапханасы қағаз кептіретін арнайы құрал берді. Қазір бұл құрылғылар президенттік резиденцияның қосалқы ғимараттарының бірінде тұр. Бұнда құжаттарды реставрациялау мен сақтауға маманданған архивариустар да жұмыс істеп жатыр.
Құжаттарды көруге кез келген сәтте тыйым салына ма деп қауіптенген журналистер тәулік бойы оларды суретке түсіреді. Құжаттар кепкен соң
сканерден өткізіліп, суреттері yanukovychleaks.org веб-сайтында жарияланады.
Бұл жобаны ұйымдастырушылар жазбалардың барлығы алдағы бірер күнде жарияланады деп уәде етті.
The Guardian газеті ақпанның 25-і күні Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің Виктор Янукович туралы пікірін жариялады. Саакашвилидің сөзінше, Янукович халықаралық кездесулерде үкіметіндегі коррупция мен лауазымдық қылмыстарды айтып мақтанатын. «Ол 2011 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында жоғары лауазымды шенеуніктер мен судьяларды қалай жемқор еткенін ашықтан-ашық айтты. Бұны кімге айтып тұрғанына еш шімірікпейтін еді» дейді Саакашвили.
Роберт Коалсонның мақаласын ағылшын тілінен аударған – Әзина Мақұлжан.