Украина шерушісі Ресейдің екі мемлекеттік телеарнасына екі түрлі адам болып - біресе "Батыстың жалдамалысы", біресе "ресейшіл" болып сөйлеген.
Ресейдің бір телеарнасына Андрей Петков болып сұхбат берген адам өзін «радикалдар соққыға жыққан ресейшіл патриотпын» деп таныстырса, екінші телеарнасына «Украинадағы толқуларды қаржыландырып жүрген германиялық жалдамалы» болып сөйлеген.
Мемлекет бақылауындағы «Газпром» компаниясына тиесілі «НТВ» телеарнасы жағдайдың мән-жайын «бұл адам шизофрения ауруына шалдыққан» деп түсіндірді.
Сәуірдің 13-і күні «НТВ» телеарнасы «айлакерге алдандық» деген хабар таратты. Телеарна Батыс бұқаралық ақпарат құралдарын «ресейлік журналистердің беделін түсіру үшін есі дұрыс емес адамды пайдаланды» деп айыптады.
«НТВ» телеарнасының Петков туралы кейінгі сюжеті:
Өткен аптада YouTube порталына Андрей Петковтің «НТВ» және «Россия 1» арналарына берген сұхбаттарын салыстырған видео жарияланды. Екеуінде де ауруханада жатқан бір адам сұхбат береді. Алайда ол екі телеарнаға өзін екі түрлі таныстырған.
«НТВ»-ға берген сұхбатында ол «Германиядан келген жалдамалы» екенін айтады. «Майдан шерушілеріне 500 мың еуро көлемінде қаражат аудардым, алайда украиналық әсіреұлтшылдар ұйымдастырған тәртіпсіздіктер кезінде соққыға жығылдым» дейді.
«Россия 1» телеарнасы «Ол – ресейшіл шеруші, оны Украина үкіметі әкелген «радикалдар» ұрып кеткен» деп сюжет жасаған.
Екі түрлі Петковты салыстырған YouTube видеосын 450 мыңнан астам адам көрген. Бұл видео ресейлік блогерлер арасында да тарап кетті. Олар бұны «мемлекеттің мешеу пропагандасы» деп мысқылдаған.
Екі түрлі Петковты салыстырған YouTube видеосы:
Алайда сәуірдің 13-і күні «НТВ» арнасы осы мәселеге қайта оралды. Өзін «Петковтың ағасымын» деп таныстырған адам «бауырының шизофренияға шалдыққанын» айтады. «Оның бұл ауруы көктем сайын қайталанып тұрады. Жаман адам емес, жауыз да емес. Бар болғаны - ауру» дейді ол.
«НТВ» арнасының нұсқасы бойынша, оның анасы 80-жылдарда қайтыс болған. Петков бұл қайғыға шыдай алмаған, ешқашан жұмыс істемеген. Алғашқы сұхбатында өтірік айтқан - шетелге де ешқашан шықпаған.
Алайда Петков Николаевтағы шеруге барып, сол жерде жараланып ауруханаға түскен. Есін жиғанда өзін германиялық миллионер ретінде елестеткен. «НТВ» телеарнасы «Ол тіпті ескі таспалардан неміс тілін үйреніп алған» дейді.
«НТВ» телеарнасының тілшісі Петковтан дәл сол ауруханада қайта сұхбат алды. Ол бұрынғы айтқандарын ойдан шығарғанын мойындаған.
Петков «Сіздер менің миым шайқалғанын түсініңіздер. Мен – мүгедекпін. Басыма оқ тиген. Миым шайқалған. Апталап ұйықтай алмаймын. Сондай ұйқысыз кездерде оғаш әрекеттер жасай бастаймын» деген.
(Люк Джонсонның мақаласын ағылшын тілінен аударған – Әзина Мақұлжан)

Your browser doesn’t support HTML5