Украина үкіметі Қырымды аннексиялап алған Ресейдің үстінен Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотына жүгінгенін хабарлады. Бұған қоса Киев Мәскеуден 1 триллион гривен өндіріп алу туралы шағым беретінін айтты.
3 маусым күні Жоғарғы Раданың отырысында Украина премьер-министр Арсений Яценюк ел үкіметі Қырымды аннексиялап алуына байланысты Ресейдің үстінен Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотына шағымданғанын мәлімдеген. Бұл туралы ақпарат Украина үкіметінің веб-сайтында жарияланды.
Яценюк Киев Еуропа сотына Қырымды аннексиялау және Ресейдің Украина алдындағы жауапкершілігіне қатысты екі шағым түсіргенін айтқан.
"Біз бұған қоса Ресейдің мемлекеттік билік органдары үстінен Украинаны заңсыз басып алғаны және тонағаны үшін бірнеше шағым дайындап жатырмыз" деген Украина премьері.
Оның сөзіне қарағанда, Украина бас прокуратурасы Ресей аннексиялап алған Қырымдағы украин меншігіне қатысты тергеу бастаған. Қылмыстық іс аясында украин жағы Ресейден 1 триллион гривен (Украина валютасы) өндіріп алу туралы шағымданбақ.
Украина үкіметі Ресей Украинадан "Черноморнефтегаз" компаниясы мен Қырымдағы 2.2 миллиард текше метр газды ұрлады деп санайды.
Арсений Яценюк Украина Ресейді сотқа тарту үшін барлық заңды тетіктерді пайдаланатынын айтып, мұндай сот процестерінің ұзаққа созылатынын меңзеген.
Бұған дейін Украина құрамында болған Қырымда биыл 16 наурыз күні аймақтың өзін-өзі басқару туралы референдум өткен еді. Оған дейін, ақпан айының
соңында түбекті ресейшіл билік пен Ресей әскерилері бақылауына ала бастаған.
Референдумде дауыс бергендердің басым көпшілігі аймақтың Украинадан бөлінуін қолдаған. Бұдан соң аймақтың ресейшіл билігі түбекті Ресейге қосу туралы Мәскеуге өтініш жасады. Ресей президенті Владимир Путин 18 наурыз күні Қырымды Ресей құрамына қосу туралы келісім жобасын мақұлдап, 21 наурыз күні тиісті жарлыққа қол қойған. Аннексиядан соң Қырымдағы Украинаның меншігіндегі кейбір компаниялар мен мекемелер, оның ішінде "Черноморнефтегаз" компаниясы Ресейдің құрамына алынды.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі 18 наурыз күні жариялаған арнайы мәлімдемеде Қырымда өткен референдумды «халықтың өз қалауын еркін білдіруі» деп сипаттап, «Ресей федерациясының шешіміне түсіністікпен қарайтынын» білдірген.
АҚШ пен Еуропа Одағы Қырымдағы референдумды "Украинаның және халықаралық құқықтың нормаларына қайшы" деп, оның нәтижесін мойындаудан бас тартқан. Сонымен бірге АҚШ пен Еуроодақ түбекті анексиялап алған Ресейге қарсы бірқатар санкциялар қабылдаған.
Наурыздың 27-і күні Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 100 мемлекет «Украинаның территориялық тұтастығы» туралы қарарды қолдады, 58 мемлекет қалыс қалып, 11-і құжатқа қарсы дауыс берді. Қалыс қалғандардың арасында Қазақстан да бар.