Украинаның шығысы мен оңтүстігіндегі қақтығыстар кезінде азаматтарды қорғауға полицияның шарасыздық танытқанына жұрттың бәрі куә болды.
Одессадағы украинашыл және ресейшіл күштердің келісімге келетін тұстары аз. Бірақ екі тарап та азаматтарды қорғауға полицияның қауқарсыз екенін айтады.
ПОЛИЦИЯ ДӘРМЕНСІЗДІГІ
Анжела Седова Одессаның өртеніп кеткен кәсіподақ ғимаратының қасына барып, опат болған ресейшіл 40 шерушіге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Еңіреп жылап тұрған 47 жастағы әлеуметтік қызметкер Киевке қарсы күштерді қолдайды.
Ол бес қабатты ғимараттың бір сағат бойы лаулап жанғанын, бірақ сол маңға осы уақыт ішінде полицияның жоламағанын айтады. «Жергілікті тәртіп сақшылары бізді тастап кетті» дейді ол.
«Үйге қайтып келе жатқанда полиция бөлімшесіне барып, өзім көрген жағдай туралы жазып кеттім, "осы қылықтарың үшін ұялмайсыңдар ма?" дедім оларға» дейді әйел.
Бұдан он бір кварталдай жерде Одессаның ортасындағы Дерибасов көшесінде тұратын Игорь мен Виктория есімді жастар жұбы Азаттыққа ресейшіл шерушілерді атып жатқанда полицияның осы маңда тосқауылда тұрғанын айтады.
«Мен әріптестерімен бірге отырған бір офицерге барып, неге бұл жерге келдің, бізді қорғау үшін неге ештеңе істемей отырсың деп сұрадым. Ол біз не істей аламыз деді. Полицияның аузынан ондай сөз шықпауға тиіс еді» дейді 24 жастағы Игорь.
Полицияның тасасынан оқ атқандар туралы видео:
Әскерилер алты адамды атты деседі, олардың төртеуі Украинаны жақтайтындар екен. Содан кейін ашулы топ ресейшілер отырған шатыр лагерьге шабуыл жасаған. Ресейшілер шатырдан шығып, кәсіподақ ғимаратын паналайды.
Жерде тұрғандар жанғыш қоспасы бар шөлмектер ғимараттың ішінен де, сыртынан да лақтырылды дейді, бірақ оттың қалай тарағаны әлі анықталмады.
Әртүрлі жорамалдар мен дақпырттар тарап кетті, қарсылас екі жақ тек бір тұжырымға - полицияның оларды қорғауға қауқарсыз екендігіне келіседі. Бұрынғы президент Виктор Янкуович Украинадан қашып кетіп, ақпан айында жаңа үкімет билікке келген кезді есепке алмағанда, мұншама адам қаза тапқан оқиға бұрын болған емес.
2 мамыр күні Одессада Кәсіподақтар үйіндегі өрт туралы видео:
Ресейшіл қарулы күштер сәуір айының басында ғимараттарды басып алуды бастағанда Киевтегі полиция қызметкерлері елдің шығысындағы кейбір қалалардан көрінбей кетті.
Украинаның уақытша президенті Александр Турчинов қарулы сепаратистер "тәуелсіз республика" деп жариялаған Донецк пен Луганск облыстарынан полицейлердің кетпегенін мәлімдеді. Ресейлік тарапқа өтіп жатқан полиция шенеуніктері туралы бейнекөріністер интернетте жарияланды.
Горловка полиция бөлімі ресейшілерге қосылғаны туралы видео:
«БАСШЫЛЫҚТЫ АЛМАСТЫРҒАННАН ЕШТЕҢЕ ӨЗГЕРМЕЙДІ»
Заңдық тұрғыда Украина полициясы Киевке бағынуға тиіс. Бірақ, шын мәнінде, аймақтағы командирлер жергілікті ықпалды күштермен бірге билігін жүргізіп отыр.
«Көптеген жергілікті полиция басшылары Киевтен сауатты, келісімді тапсырыс болмағандықтан, берекесіз қызмет етіп жүр. Тіпті олар Киевтен тапсырыс алған күнде де оны орындау үшін жергілікті саяси элитамен санасу керектігін біледі» дейді Нью-Йорк университетінің постсоветтік қауіпсіздік қызметі бойынша сарапшысы, профессор Марк Галеотти.
Ресей шекарасынан небәрі 40 шақырымда орналасқан 1,4 миллион тұрғыны бар Харьков қаласының полиция қызметкері Азаттық тілшісіне жергілікті билік иелері оларды «жеңіл жүрісті әйел» тәрізді қолданатынын айтады. Бұрынғы қала губернаторлары Михаил Добкин мен Геннадий Кернесті (өміріне қастық жасалып, қазір Израильде ем қабылдап жатыр) «папа» деген лақап атпен атаған офицер өз аты-жөнін атамады. Оның айтуынша, полиция әркез жоғарғы жақтың нұсқауымен әрекет етеді.
Полиция қызметкерінің Харьковтегі жағдай туралы айтқаны:
Бірақ жергілікті шенеуніктер өз бағытын таңдар алдында Киевтің полициямен қарым-қатынасы нашар екенін еске алады. Уақытша үкіметтің алғашқы қадамы Киевтегі украинашыл 100 адамды өлтіруге айыпты саналған "Беркут" арнайы жасағын таратудан басталды.
Елдің ішкі істер министрі Арсен Аваков сәтсіз жағдайға үнемі жергілікті полицияны айыптап, Facebook парақшасында наразылығын білдіреді. Одессадағы аласапыраннан екі күн өткен соң Аваков полицияның әрекетін «қылмыспен парапар масқара» деп бағалады.
Сепаратистер күшейіп тұрған аймақтарда кейбір полиция қызметкерлері ертең қандай билік орнайтынына көздері жетпегендіктен, бүгінгі Киевтің билігін орындап, бастарын қатерге тіккілері келмейтін тәрізді. Екі жақ бір-біріне сенбейді, сондықтан Киев көбіне үкіметті қолдайтын жасаққа үміт артады.
Украина премьер-министрі Арсений Яценюк бұрынғы полиция бастығының орнына Иван Катеринчукті тағайындады. Ол жаңа үкіметті ашық қолдайтын Черниговск облысынан шыққан шенеунік. Катеринчук ресейшіл шерушілерді қаруландырған қарулы күш өкілдеріне қатысты тергеу жұмысы басталғанын айтып, сепаратизмге шақырғанғандарға қатысты ережелерді қолданамыз деп қорқытты.
Азаттыққа сұхбат берген одессалықтар екінші дүниежүзілік соғыс кезінен бері қаланың сұмдық шайқасты бірінші рет көргенін айтып, оны ұмытуға тырысады.
Бірақ зорлық-зомбылық қайта басталса қандай заман болады деп қорқатындар да бар. 25 жастағы украинашыл белсенді Максим Милкин адамдардың үкімет күшіне үміт артпайтынын айтады.
«Полиция басшысын ауыстыруға болады, бірақ одан ештеңе өзгермейді, кешегі адамдар бүгін де орнында қалды» дейді ол.
Гленн Кейтстің мақаласын аударған – Динара Әлімжан.

Your browser doesn’t support HTML5