Оралда қарсылық митингін өткізуге өтініш
Your browser doesn’t support HTML5
Оралда азаматтық белсенділер коммуналдық қызмет бағасының қымбаттауына қарсылық жиынын өткізуге қала әкімдігіне ұжымдық өтініш берді. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында электр қуатының бағасын қымбаттатуға қарсы, арасында заңгерлер, кәсіпкерлер, журналистер, блогерлер мен зейнеткерлер бар тұрғындар тобы «Қымбат тарифке қарсымыз!» коалициясын құрған еді. Тамыздың соңында жергілікті электр энергиясын таратушы компания тарифті 26 пайызға қымбаттатқан.