Eurasia View басылымы «2014 жылы АҚШ Ауғанстаннан әскерін шығарған соң не боларын ешкім білмейді» дейді. Мақала авторы «Орталық Азияда демократия ешқашан дамымайды» деген сарапшылар пікірін де келтірген.
Ақпанның 7-сі күні Eurasia View жариялаған мақала «АҚШ Орталық Азияға не үшін қызығады?» деген сауалмен басталыпты. «Соңғы он жыл бойы бұл сауалдың жауабы біреу ғана болды, ол – Ауғанстан» дейді автор.
ДЕМОКРАТИЯҒА «ШӨЛ ДАЛА СИЯҚТЫ» АЙМАҚ
Мақала иесінің пайымдауынша, АҚШ Орталық Азия елдерімен Ауғанстанда соғыс жүргізу үшін ғана ынтымақтастық орнатқан.
Автор «Бірақ АҚШ Ауғанстаннан келесі жылы әскерін шығарса, Орталық Азия оны қай тұрғыда қызықтырады? Табиғи ресурстары десек, географиялық жағынан алғанда бұл аймақ АҚШ-тан өте алыста жатыр. 2001 жылы террористер тобы халықаралық қауіпсіздікке қатер төндірді, соның әсерінен Ауғанстан уақытша база ретінде қолданылды. Бірақ енді ондай жағдай қайталана қоймас. Демократияны дамытып, адам құқығын сыйлауға ықпал еткісі келетіндер үшін Орталық Азия қанша егін ексең де, түк шықпайтын құнарсыз шөл дала сияқты» дейді.
Автордың сөзіне қарағанда, «АҚШ-тағы саясаткерлер де солай ойлайды. Бірақ олар бұл аймақтағы АҚШ-тың ықпалын сақтап қалу үшін әйтеуір бір себеп ойлап табады».
Мақалада «Сейсенбі (ақпанның 5-сі) күні Вашингтондағы стратегиялық және халықаралық зерттеу орталығында «2014 жылдан соңғы АҚШ пен Орталық Азия» атты баяндама-есеп оқылғаны айтылады. Оны тыңдауға келген көп адам «АҚШ-тың Орталық Азиядағы мүдделері қандай?» деген сауалға мардымды жауап ала алмай кетті» дейді басылым.
Баяндама авторы Джеффри Манкофф былай дейді: «Вашингтонның Таяу Шығыс пен Азия-Тынық мұхиты аймақтарында барынша маңызды мүдделері болса да, Орталық Азиядан теріс айналуға болмайды. Аймақтың келешегі бұлыңғыр. Сондықтан АҚШ халықаралық аренада және өз ішінде Орталық Азия үшін алаңдайтынын айтып, әскерін Ауғанстаннан шығарса да, әртүрлі мәселелерге араласып отыратынын білдіруге тиіс».
Манкофф АҚШ-тың аймақтағы мүддесін былай көрсетеді: «АҚШ-тың әлемдік деңгейдегі басым мақсаттары өзгеретін болса да, Вашингтон Орталық Азияның алаңдауға тұрарлық маңызды мәселелеріне көңіл бөліп отырады. Оның ішіне халықаралық терроризм ошақтарының қалыптасуына тосқауыл қою, көрші державаларға әсер ететін қақтығыстардың алдын алуға тырысу (оның көбі ядролық қаруға қатысты), Орталық Азия елдерінің есірткі тасымалы сияқты әрекеттерге қатысуын шектеу».
«Орталық Азияда АҚШ-тың болуы әсіредіншілдердің бүлігінен зардап шегіп отырған Ауғанстан мен Пәкістанның дамуына ықпал ететін еді» дейді Манкофф.
Бірақ баяндаманың басқа бөліктерінде ол АҚШ-тың Орталық Азияда өзге де мүдделері бар екенін ескертіп, «Ол мүдделерге аймақтық ықпалдастықты дамыту, Ресеймен жақсы байланыста болу сияқты мәселелер кіреді» деді.
«ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫ РЕСЕЙДІҢ ЫҚПАЛЫНАН АЙЫРҒЫСЫ КЕЛДІ»
Басылымның жазуынша, «АҚШ-тың Орталық Азиядағы мүддесін анықтауға бұл жиында бірнеше баяндамашы үлес қосты».
Мәселен, Kissinger Associates халықаралық консультация фирмасының директоры Томас Грэм АҚШ-тың ежелгі саясаты - «мемлекеттерге егемендік алып беру (яғни бір елдің екіншісін басқаруына жол бермеу), ғаламдық экономикаға араласу мүмкіндігін беру» екенін айтты.
Грэм «Орталық Азияның ресурстарына таласу сыртқы күштердің соғысына әкелмеуі керек, аймақ террористік топтардың ошағына айналмауы тиіс» дейді.
Бұл жолы ол АҚШ-тың демократияны дамыту мен адам құқықтарын қорғау деген «ежелгі саясатын» айтпай кетті.
Ал Орталық Азия мен Кавказ институтының төрағасы Фредерик Старр АҚШ-тың Орталық Азиядағы «үш мүддесін» атайды: «Ресурстар, трансқұрлықтық сауданы дамыту және ресурстар үшін болатын қақтығыстың алдын алу».
Автор «Бұл идеяға назар аударсақ, «егемендік» идеясы АҚШ-тың аймақтағы елдерді Ресейдің ықпалынан сақтау үшін үнемі жамылып келген бүркеншігі екенін көреміз» дейді.
«АҚШ-тың сауданы дамытамыз дегені де - бұл саладағы Ресейдің (әсіресе мұнай мен газ құбырлары мәселесінде) үлесін кемітуге арналған шара. Демократия мен адам құқықтары идеясы да - әуел бастан бұл аймақты геосаяси жағынан Батысқа жақындатудың амалы.
1990 жылы АҚШ-тың бұл саясатының өзектілігі жоғары болды. Ол кезде Ресей әлсіз еді. Қазір Мәскеу күшейді. Манкофф дұрыс байқағандай, Ресейді есепке алмай, АҚШ-тың бұл аймаққа жалғыз өзінің ықпал етуі екіталай» дейді автор.
Ол Манкоффтың «Орталық Азиядағы АҚШ пен Ресей ынтымақтастығы мәселесіне» ерекше тоқталғанын атап көрсеткен.
Ауғанстандағы соғыс біткен соң (әскері шығарылған соң) аймақтың АҚШ үшін әскери маңызы төмендейтінін айта келіп, автор ол елдің Орталық Азиядағы мүддесін әлемдегі мүддесінен бөліп қарауға болмайтынын ескертеді.
«Енді АҚШ демократияны дамыту керек пе, әлде [әлемдегі процестерге] жақсы басшылық жасауға тиіс пе? АҚШ-тың әскер кіргізуі үшін қандай шарттар керек? Әлде АҚШ әлемдегі жалғыз үстем держава қызметінен бас тарта ма? Бұл сұрақтардың ауқымы кең» дейді автор.
Мақала «АҚШ әскері Ауғанстаннан кетсе, Орталық Азияда оның басқа шаруасы қалмайтын сияқты. Болған күнде де Вашингтон оны әлі анықтаған жоқ» деп аяқталған.