Чэнь Гуанчэн есімді қытайлық көзі көрмейтін азамат "бір бала" саясатын ашық түрде сынап құқық қорғаушы ретінде танылған еді. Азаттық тілшісінің АҚШ-қа қоныс аударған белсендімен сұхбатын ұсынамыз.
Қытайдағы "бір бала саясатының" қарсыласы, азаматтық қоғам белсендісі Чэнь Гуандэннің есімі дүниеге кең таныла бастады. Ол былтыр үйқамаққа алынған жерінен қашып шығып, Пекиндегі АҚШ елшілігін паналаған еді. Дипломатиялық келіссөздерден соң оған АҚШ-қа баруға рұқсат етілген. Қазір отбасымен бірге Нью-Йоркте тұрып, өзі университетте заң оқуын оқып жатқан белсендімен Азаттық тілшісі сұхбаттасып қайтты.
- АҚШ-қа қалай бой үйретіп жатырсыз?
- Қандай да бір қатты мәдени алшақтық сезе қойған жоқпын. Әлбетте, бірте-бірте үйренетін жайттар бар. Оған тез бейімделетінім анық. Бірақ Қытайда маған жасаған ем-домның салдары әлі созылып жатыр, қиындықтың үлкені осы болып тұр. Әлі күнге дейін аяғым да жазыла қойған жоқ. Психологиялық жағынан да айта алмайтын заттарым бар. Басымнан кешкен оқиғаларды ұмыту үшін әлі біраз уақыт керек сияқты.
- Қытайда азаматтық қоғам белсендісі болу туралы айтып беріңізші?
- Белсендінің өмірі зорлық-зомбылыққа толы. Өйткені коммунистік партия кез-келген уақытта кез-келген шара қолдану арқылы заңсыз түрде түрмеге жауып тастай алады, отбасыңды талқан етеді. Ху Цзя сияқты (2008-2011 жылдар арасында түрмеге жабылған қытайлық диссидент - ред.) адамдар қандай да бір маңызды күндері, мерейтой кезінде еш себепсіз қамауға алына салады. Әлбетте, қытай халқы оларды барынша қолдайды, бірақ бұл қолдау үкіметтің қудалауын тоқтату үшін жеткілікті болмай тұр. Бірақ болашақта көпшіліктің реакциясы шапшаңдап, күшейе түседі деп ойлаймын.
- Жақында Қытайдың саяси басшылығы түгелге жуық ауысты. Кейбір адамдар бұл үкімет бұрынғыға қарағанда реформаға бейім болады деген пікір айтады. Жаңа жетекшілікті қалай бағалайсыз?
- Егер ондай өзгеріс жасап жатса, жақсы болар еді. Бірақ олардың сөзіне емес, ісіне сену ләзім. Біраз уақыт болды, олардың (Қытай үкіметінің - ред.) сөйлегенінен басқа ешнәрсе көрмедік. Құр бос сөз. Ел көп нәрсені естігісі келеді. Бірақ естігісі келген жайттар бойынша ешқандай ілгерілеу және көрінбейді. Егер үкімет сөзі мен ісі қабыссын десе, біз анық көріп тұрған, сезіп тұрған саясатын өзгертсін. Ең әуелі еркін пікір айтуды шектемеулері керек. Интернетке цензура салмаулары қажет. Сөз бостандығын шектемеулері тиіс. Тексерілмей қалып қойған көптеген қылмыстық істер бойынша бірден тергеу бастаулары керек. Көптеген құқық қорғаушы достарым заңсыз түрде үйқамақта отыр. Өйткені соңғы бірнеше күн бойы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Қытайда ресми сапармен жүрді. Бұл адамдар босатылуы тиіс. Үкімет ахуалды өзгертеміз дейді, бірақ өзгеріп жатқан дәнеңе де жоқ.
- Коммунистік партияның билігіне қатысты партияның өз ішінде қандай да бір реформа болады деп ойлайсыз ба? Әлде шын өзгеріс жасау үшін революция керек дейсіз бе?
- Қытайдың коммунистік партиясының шынайы өзгеріске бет бұрғысы келгенін көрмедім. 1997, 2002, 2007 жылдары және биыл басшылығы өзгерген кезде өзгеріс туралы айтып қана қояды. Бірақ қазір Қытай халқы оянып келеді. Олар көп жайттан хабардар бола түсті. Бұл процесс жылдамдап барады. Сондықтан да Қытай өзгермей қалмайды. Бұл трансформация Қытай халқының ер жету мен үздіксіз қарсыласуынан туатын шығар. Сол кезде амалы қалмаған коммунистік партия өзгеріс жасауға мәжбүр болар. Ал өзгеріс партияның өз ішінен басталады дегенге сенбеймін.
- Бірқатар эксперттер Қытайда ұлтшылдық күшейіп келеді дейді? Бұл пікірмен келісесіз бе?
- Қытайда ұлтшылдық сезімі, әлбетте, күшті. Бірақ бұдан асып, зорая түседі деп ойламаймын. Қазір бұл ұлтшылдық керісінше әлсірегенге ұқсайды. Өйткені көптеген адамдар партия саясатына сенбеуге айналды. Ал әзірше көзге көрініп тұрған демонстрациялардың көбінің артында Қытай үкіметі тұр. Мысалы, Жапонияға қарсы соңғы наразылық шерулерін үкімет ұйымдастырғаны байқалады. Өйткені Қытайда көшеге жететін шерудің барлығы дерлік коммунистік партияның көргісі келетін шерулері. Басқа демократиялық наразылық акцияларын өткізуге тыйым салынған.
- АҚШ-қа келуіңізге рұқсат беру туралы құжаттардың көпке жария болғанын қалайтыныңызды айттыңыз. Одан не пайда болмақ?
- Шындық арқылы шешім тапқым келеді. Бұл құжат - АҚШ үкіметі мен Қытай үкіметінің жасаған келісімі. Адамдар оны білуге құқылы. Әсіресе, америкалықтар және өзім де білуге хақылымын. Егер келісімде көрсетілген шарттар орындалмаса, біз оны талқылауға және шешім қабылдауға ықпал етуге хақылымыз. Егер олар құжатты жария еткісі келмесе, онда халыққа әлдебір жайтты айтқылары келмей отыр деуге болады ғой. Бұлай емес шығар деп сенемін.

Егер үкімет сөзі мен ісі қабыссын десе, біз анық көріп тұрған, сезіп тұрған саясатын өзгертсін.

Қытайда көшеге жететін шерудің барлығы дерлік коммунистік партияның көргісі келетін шерулері.