Ақ үйден хабарланғандай, АҚШ президенті Барак Обама Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху және Палестина президенті Махмұд Аббаспен кездеседі. Сейсенбіде басталатын кездесу Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөздерді қайта бастауға негізделеді.
АҚШ президенті Барак Обама қыркүйектің 22-сі күні Израиль және Палестина жетекшілерімен Таяу Шығыстың бейбіт келіссөздерін қайта бастайтын отырысқа төрағалық етеді.
Сейсенбіге жоспарланған кездесу БҰҰ-ның Нью-Йорктегі Бас Ассамблеясының жиыны аясында өтеді. Үшжақты басқосу Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөздерді қайта бастауға негізделеді.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху үкіметі бұл шақыртуды оң қабылдағанын хабарлады. Сондай-ақ Палестина билігі ол кездесуге президент Махмұд Аббас баратынын нақтылады.
Ақ үй сенбі күні ол келіссөздер президент Обама екі елдің жетекшілерімен жеке-жеке кездескен соң болады деген.
Бұл хабарлама өткен аптада АҚШ-тың Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Джордж Митчель аймаққа сапарын тәмамдап, тараптармен екінші мәрте өткізген келіссөздері сәтсіз аяқталған соң айтылды.
Құрама Штаттар мен Палестина басшылығы Израилдің Палестина жерінде құрылыс жұмыстарын толық тоқтатқанын талап етіп келеді.
Израиль ол үндеулерді қабылдамай, құрылыс салуын тоқтатпай отыр.
Жақында Израиль үкіметі жаңадан 450 құрылыс нысанын салуды мақұлдады. Сөйтіп Батыс жағалаудағы бұған дейінгі 2,500 түрлі деңгейдегі құрылыстың қатарын көбейтті.
Израиль премьер-министрі осыған дейін қоныстануды бірнеше айға уақытша тоқтата тұруды ұсынған. Бірақ Шығыс Иерусалимде немесе мақұлданып қойған үйлерге қатысты келіспеген.
Палестиналықтар болса Шығыс Иерусалим келешек Палестина мемлекетінің астанасы болуы керек дейді.
Сенбі күні Палестина жетекшісі Махмұд Аббас Қайыр қаласындағы журналистерге алдағы жолға кедергілер қойылды деп айтты:
"Американдықтардан талап- қоныстануды толығымен тоқтатуға шақыратын жол картасының алғашқы тармақтарына үлес қоса беру. Израиль үкіметі оны қаламайды. Сол себепті израилдіктер бір жағында, біз екінші жағында екі арада ортақ негіз қалмады."
Los Angeles Times басылымы бұл хабарламадан бұрын Палестина ресмилері "Аббас тіпті Нетаньяхумен қол алысуға құлықты емес" деп айтқанын жазды.
Олар президент Махмұд Аббас Ақ үйдің үшжақты кездесуге шақыртуынан бас тартпауы мүмкін, бірақ мұндай кездесудің Израиль қоныстану ұстанымын өзгертпей тұрғанда еш пайдасы болмайтын болар деген.
Ақ үйдің мәлімдемесінде Құрама Штаттардың Таяу Шығыс бойынша өкілі Джордж Митчелге сілтеме жасалып, алдағы аптаға жоспарланған кездесу - бұл іске тікелей араласқан президенттің толыққанды бейбіт жағдай орнату жөніндегі үлкен міндеттемесінің тағы бір белгісі болады делінген.
Обама Израиль мен Палестина арасындағы бейбіт келіссөздерді қайта бастауды өзінің президенттік басты мақсаттарының бірі етіп алған.
Құрама Штаттардың аты аталмаған ресми бір адамының бұл кездесуден кейін келіссөздер қалай өткені жайлы ешқандай хабарландыру болмайды деп алдын ала айтқанын ақпарат агенттіктері жазып жатыр.