АҚШ-тағы президент сайлауына бір апта қалғанда екі кандидат та алапат дауылдың кесірінен үгіт-насихат шараларын тоқтатуға мәжбүр болды.
Сайлау кестесінің өзгеруі - АҚШ-тағы президенттік сайлау қарсаңында "Сэнди" дауылы туғызған көп кедергінің бірі ғана. Қарашаның 6-ы күні өтетін АҚШ-тағы президенттік сайлауға бір апта қалғанда АҚШ-тың солтүстік-шығысын жайпап өткен қуатты "Сэнди" дауылы президент Барак Обама мен оның республикашыл бәсекелесі Митт Ромни үшін «қазан айының тосын сыйы» болды.
"Сэнди" дауылы Обама мен Ромнидің сайлау науқанының ең маңызды, ең ақырғы аптасына келгенде сайлау кестесін тас-талқан қылды.
Обама Флорида, Огайо және Вирджиния штаттарындағы дүйсенбі күнге деп жоспарлаған және сейсенбі күні Висконсин штатында болатын кездесулерін тоқтатып, дауылдың соңын күту үшін Вашингтонға қайтып оралды.
Обамадан «Бұл дауылдың сайлауға қандай әсері болады?» деп сұрағанда ол:
- Сайлау келесі аптада өз бетінше жалғаса береді, - деді. Ол бар ерік-жігерін дауылдың зардабын жоюға жұмсайтынын мәлімдеді.
- Мен дауыл президенттік сайлауға кесірін тигізетін болды деп алаңдап тұрғам жоқ. Жапа шеккен үйлер мен адамдарды уайымдап тұрмын. Бірінші боп соққы жейтін адамдар мен бұл апаттың экономика мен көлік инфрақұрылымына тигізетін кесірін ойлап тұрмын. Сайлау келесі аптада өз бетінше жалғаса береді. Дәл қазір, біздің ең бірінші міндетіміз - адамдардың амандығына көз жеткізу, құтқарушы мамандарды апат орындарына тезірек жеткізу, жапа шеккендерге ауыз су мен азық-түлік апару және төтенше жағдайда қажетті шатырлармен қамтамасыз ету. Біз экономиканы барынша тезірек қалпына келтіруге міндеттіміз, - деді Обама.
Ромни дүйсенбі күнгі Огайодағы кездесуі мен сейсенбі күні түнге жоспарланған Нью-Хэмпширдегі сапарынан бас тартты. Ол «бұл сапарын дауылдан жапа шеккен елдегі миллиондаған адамдардың қайғысын бөлісу үшін тоқтатам» деп мәлімдеді.
Обама да, Ромни де сонымен қатар дүйсенбі күні нөсер жауын мен қатты дауылдан жапа шеккен Нью Джерси, Солтүстік Каролина, Пенсильвания, Вирджиния және Вашингтон аймағындағы елдерден жиналатын жарналарды тоқтатып тастады.
Сайлау кестесінің өзгеруі "Сэнди" дауылынан соң президенттік сайлау алдында пайда болған көп кедергінің бірі ғана.
Дауылдың кесірінен Мэрилэнд пен Вашингтон аймағында болатын ерте сайлау дүйсенбі күні тоқтады. Ең шиленісті сайлау өтеді деп отырған Вирджинияда екі күн бұрын басталатын сайлау да кейінге шегерілді. Сайлаушыларға көбірек жағдай жасау үшін Вирджиниядағы сайлау комиссиясы дауысты сырттан беру шартын жеңілдетті.
Сонымен қатар сайлауға бір апта қалғанда солтүстік-шығыс штаттарда жүргізілген сауалнама нәтижесі де тиісті мөлшерден аз болуы мүмкін.
Енді апаттан жапа шеккен электрондық дауыс беру технологиясының қалай жұмыс жасайтыны туралы да сұрақтар көбейді. Одан бөлек «сайлау күні егер де дауыс санайтын машиналар бұзылып қалса не болады? деген сұрақ та мамандарды мазалап жатыр.
Нью-Йорк пен Нью-Джерсиде көп жағдай дауылда қираған электр желілерін, телефон және интернет станцияларын қалпына келтіретін жұмысшылардың шеберлігіне де көп нәрсе тәуелді боп тұр. Байланыс инфрақұрылымдарының жойылуы халықтың сайлау учаскесіне келуіне де кедергі келтіруі мүмкін.
Заң бойынша АҚШ үкіметі сайлауды кейінге қалдыра алмайды. АҚШ конституциясы конгреске президенттік сайлаудың күнін өзгертуге құқық береді. Бірақ бұл жолы демалыста жүрген заң шығарушылар қаласа да сайлауды кейінге ысырып үлгермейтін сияқты.
АҚШ-тың мемлекеттік заңы бойынша президентті сайлайтын Сайлаушылар коллегиясының мүшелері әр штатта қараша айының бірінші дүйсенбісінен кейінгі сейсенбіде көпшіліктің дауысымен бірінші болып сайлануы тиіс.
Бірақ федералдық заңға сәйкес егер де штат сайлау өткізіп үлгермесе, сайлау коллегиясының мүшесі келесі күні сол штаттың заң ережелеріне сәйкес тағайындалады.
Шенеуніктер сайлаудың кейінге ысырылуын әрбір штат өзі шешеді дейді.
Расында да кейбір штаттар сайлау учаскелерін ұзағырақ уақытқа ашық ұстай тұруға хақылы. Бірақ Help America Vote заңы бойынша сайлау өтетін 10 күннің ішінде дауыс беру мерзімі созылып кетсе, учаскеге бара алмаған барлық сайлаушыларға қосымша бюллетень жеткізу қажет болады.
Зерттеушілердің сөзінше, әрбір штаттың төтенше жағдаймен күресу үшін сайлау күнін өзгертуге құзыры бар-жоқ екені және анық емес.
Егер де сайлау кейбір штаттарда кейінге ысырылса, сайлаушылар өздері дауыс бермей жатып елдің басқа бөлігіндегі сайлау нәтижесін біліп алуы мүмкін. Бұл жайт сайлау коллегиясындағы нәтижені анықтауға ықпал етеді немесе шешуші дауысқа ие штатқа зор қысым көрсетеді.
Сайлаудың өтуіне табиғи апат кедергі еткен жағдайда не істеу керектігі жайлы қандай да бір төтенше жоспарлар қабылданбаған.
Бірақ FEMA (төтенше жағдаймен күресетін мемлекеттік агенттік) дауыл келесі аптадағы сайлау науқанына кесірін тигізуі мүмкін деп дайындалып жатыр. FEMA басшысы Крейг Фугате дүйсенбі күні тілшілерге «дауылдың ұзаққа созылатын зардабы сайлауға кедергі келтіруі мүмкін» деді. Сондықтан да мекеме сайлау кезіндегі төтенше жағдайдың туу мүмкіндігіне байланысты заңдық тұрғыдан дайындалып жатыр.