Британдық сарапшылар «АҚШ өз ішіндегі әсіредіншілдерді ауыздықтауға асықпай отыр» дейді. Бұрынғы ФБР агенті Америкадағы жихадшылардың ірі ислам ұйымдарының тасасынан әрекет жасайтынын айтады.
The Financial Times және The Washington Times басылымдары сәуірдің 21-і күні Ұлыбритания мен АҚШ-тағы террорлық әрекеттерге қатысты мақала жариялады.
ҰЛЫБРИТАНИЯЛЫҚ КҮРЕС ӘДІСІ
Financial Times газетінде мақала авторы Джеймс Блиц «Америкалық билік елдегі саны артып бара жатқан әсіредіншіл экстремистерді уақытында танып, оларға қарсы әрекет жасап отыр ма?» деген сауал тастайды. Автордың пайымдауынша, Ұлыбритания мен АҚШ терроризммен күресте әртүрлі әдіске жүгінеді. 2005 жылы шілденің 7-інде британдық діни экстремистердің Лондонда көлікті жарып, 52 адамның ажалына себепкер болғанын еске салған Блиц «содан бері елде террористерге қарсы операцияға арналған мемлекеттік шығын айтарлықтай өскенін» айтады.
«Бұдан кейінгі 7 жылда теракт оқиғалары болмаса да, Ұлыбританияда жихад тобының мүшелері үнемі анықталып келеді. М15 барлау қызметі мен ішкі қауіпсіздік қызметі, полиция және басқалары мұсылман ұйымдарымен жұмыс істеп, қатердің алдын алуға тырысады» деп жазады Блиц.
Біріккен корольдіктегі терроризмге қарсы күрес қызмет институтының профессоры Майкл Клерктің айтуынша, «алдын алу» стратегиясы нәтижесіз болмаған. Корольдіктің ішкі істер министрлігінің шенеуніктері оған 500-600 оқиғаның алдын орағанын мәлімдепті.
Бірақ ол «Ұлыбританияның «Prevent» (алдын алу) әдісі Бостондағы жарылысқа күдікті деп танылған ағайынды Царнаевтардың жолын бөгеуі мүмкін бе еді?» деген сауалға нақты жауап бере алмайды. «Олардың қауіпті топтарға нақты қатысы болғаны туралы дәлел жоқ. Жихад туралы материалдарды жүктеп алғандары ғана белгілі» дейді сарапшы.
«АҚШ ЖЕРГІЛІКТІ ЭКСТРЕМИСТЕР БАРЫН МОЙЫНДАМАЙДЫ»
Британдық басқа да сарапшылар сияқты Клерк АҚШ-тың «қолда өскен» жихадшыларды ауыздықтауға асықпайтынын айтады. «Америкалықтар қауіпті топтың өз арасынан шығуы мүмкін екенін мойындағысы келмейді. Олар қатердің бәрі сырттан келеді деп мәлімдеуге дағдыланған» дейді профессор.
Financial Times газетінің жазуынша, сарапшылар Ұлыбританияның АҚШ-қа қарағанда өз ішіндегі мұсылмандарды ерекше бақылауда ұстауының бірнеше себебін атайды. Соның бірі - Pew зерттеу орталығының дерегі бойынша, 2010 жылы АҚШ-та тұрғындардың 0,8 пайызы исламды ұстанса, Ұлыбританияда бұл көрсеткіш 4,6 пайызды құраған.
«Дегенмен АҚШ-тың өзінен шыққан әсіредіншілдердің қылмыстары да жиі тіркелді. 2009 жылдың қарашасында Нидал Малик Хасан Техас штатында 13 адамның ғұмырын қиды. Вирджинияда туып-өскен Хасанның ата-анасы пәкістандық болатын. 2010 жылы Коннектикут штатындағы Бриджпорт университетінің түлегі Фейзал Шахзад Нью-Йорктегі Таймс скверді жармақ болған жерінен ұсталды» деп жазады басылым.
IHS Jane консалтинг сарапшысы Валентина Сория АҚШ-та енді ағайынды Царнаевтар туралы қызу пікірсайыс басталады деп топшылайды. «Оның орнына елдегі терроршылардың алдын алуға тырысқаны дұрыс болар еді» дейді сарапшы.
«ТАСАДАН ТАС АТАТЫНДАР»
The Washington Times басылымында шыққан мақалада бұрынғы ФБР (федеральдық тергеу бюросы) агенті Джон Гуандолоның Бостондағы терактіге қатысты пікірі беріліпті. «Қазір жұрттың бәрі «Неге бұлай болды?» деген сауалға жауап іздеп жанталасып жатыр» деп жазады ол. Гуандоло «террористер - ғаламдық жиһад ұйымына мүше, олар берілген бұйрықты орындайды» дейді.
«АҚШ-та «Мұсылман бауырлар»/«Хамас» (Америка «террористік топ» деп таныған палестиндік қозғалыс) бастаған үлкен жиһадшылар тобы бар, олардың саны жергілікті тұрғындар мен шеттен келгендердің қатарынан артып барады. Терроризмге қатысты көптеген федеральдық тергеулер анықтағандай, Америкадағы жихадшылар ірі исламдық ұйымдардың тасасына жасырынып әрекет жасайды, оларды «Мұсылман бауырлар» басқарады» дейді Гуандоло.
Мысал ретінде ол 2009 жылы Умар Фарук Абдулмуталлабтың жолаушылар ұшағын жармақ болғанын, Ричард Ридтің де сондай әрекетке баруға ұмтылғанын айтып, олардың «жихадшылар» екенін ескертеді.