Өзбекстанда биыл күз тағы да бензин табу қиындап кетті. Бұл ел бірнеше жыл қатарынан тереңдеп келе жатқан энергетикалық дағдарысты жоюға талпынып та отырған жоқ. Мұның соңы немен аяқталуы мүмкін?
Кейде энергия ресурстарына бай Өзбекстанда бензин табылмай қалады. Сондай кезең тағы келді. Бірнеше аптадан бері көлік иелері жанармай станцияларын шиырлап жүр. Ал ол станцияларға бензин келе қалған сәт ұзақ-сонар кезек пайда болады. Ол кезектер мемлекеттік энергетика секторының дәрменсіздік символындай көрінеді.
МҰНАЙ ІЗДЕП САБЫЛҒАН ЕЛ
- Жаңа ғана аздаған мұнай сатып алдым, кезекке тұрған автокөліктердің ұзындығы 5 километрге жететін шығар. Самарқанда мүлде бензин қалмады. Мынаған қараңыз, ешқайсысы қозғалар емес. Осы да өмір ме? Біз өмір сүрмейміз, әйтеуір өлместің күні, - деп сипаттайды Самарқанның тұрғыны жергілікті жанар-жағармай бекетіндегі жағдайды.
Елдегі жанар-жағармай бекеттері «жанармай жоқ» деген жазу іліп тастаған. Амалы таусылғандар қара базардан қымбатқа алуға мәжбүр.
Ферғана алқабындағы Қоқан қаласының бір тұрғыны Азаттық тілшісіне бензиннің бір литрін 8000 сомға (3,60 доллар) сатып алғанын айтты. Яғни мемлекет бекіткен бензин құнынан төрт жарым есе қымбатқа алған.
2010 жылдан бастап бұл елде бензин тапшылығы біліне бастады. Ақыры осындай дағдарысқа ұласты. Сарапшылардың пікірінше, Өзбекстанның энергетикалық секторындағы жағдай әбден ушығып кеткен.
ДАҒДАРЫС СЕБЕПТЕРІ
Ташкентте тұратын тәуелсіз сарапшы Сергей Ежковтың айтуынша, «Өзбекстан мұнай мен газды өте аз өндіреді, солайша ішкі нарық пен экспортты қамтамасыз ете алмайды. «Өзбекмұнайгаз» (Өзбекстанның мемлекеттік мұнай және газ
компаниясы - ред.) біртіндеп газ бен газ конденсатын өндіруді азайтып келеді. Мұнай өндіру де кеміген. Бірақ «Өзбекмұнайгаздың» салаға реформа жасайтын сыңайы байқалмайды».
Сарапшылар сөзіне қарағанда, Өзбекстанның мұнай-газ өндірісінің кері кетуіне советтік кезеңдегі кен орындарының ескіруі мен Ташкенттің кен өндіру технологиясын жаңарту үшін шетелдік инвесторларды тарта алмағаны себеп болған.
British Petroleum биыл жариялаған «Әлемдік энергетика нарығына статистикалық шолу» есебіне қарағанда, 2012 жылы Өзбекстанда мұнай өндіру 12 пайызға, яғни 3 миллион 200 мың тоннаға дейін азайған. Бұл елдің мұнай өндірісінің үштен бірі газ конденсатынан алынады. Өндірілген мұнай мөлшері Өзбекстанның ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткіліксіз, бұл тапшылық 2012 жылы 3 миллион 900 мың тонна болған.
Шикі мұнайдың тапшылығы оны өңдеу саласына да әсер етіп отыр. Бұдан әсіресе Ферғана мен Бұқарадағы мұнай өңдеу зауыттары жапа шегіп жатыр. Өзбекстанды газбен қамтамасыз ететін «УзГазОйл» қызметкері Азаттыққа «екі мұнай өңдеуші зауыттың төменгі қуатпен жұмыс істеп тұрғанын» айтты. БАҚ-қа пікір білдіргені үшін жазықты боламын деп қорыққан ол аты-жөнін атамады.
Ферғана мұнай өңдеу зауытының бір қызметкері Азаттыққа зауыттың қазір «мүлдем бензин өндірмейтінін» айтты. Елдегі мұнайға деген сұранысты өтеудің
бір жолы көршілес Қазақстан мен Түркіменстаннан жанармай импорттау болып тұр. Бірақ импорт үшін Өзбекстан валютасы болуы керек. Ал Ташкент валютаны тұрақтандыру туралы естігісі де келмейді.
Ежовтың пікірінше, бензин тапшылығына қаржының жоқтығы да себеп болып отыр.
- Өзбекстанның шетелден мұнай сатып алуға ақшасы жоқ. Үкімет шамасы жеткенше қаржы бөледі. Менің түсінуімше, біз көршілерден қарызға аламыз. Қазақтарға, түркімендерге қарыздар болып отырмыз. Мәселені жеңілдетудің орнына қарыз алып жатырмыз. Егер үкіметтің нарықты энергия ресурсымен толтыруға мүмкіндігі болса, олар мұны істейтін еді. Себебі Өзбекстан үшін қаржыны құр сақтағаннан тұрақтылық маңызды. Бірақ ондай мүмкіндік болмай тұр, - дейді ол.
ҚИЫНДЫҚТАН ШЫҒАТЫН ЖОЛ ҚАЙСЫ?
Бірақ мәселе тек қаржы тапшылығына тіреліп тұрған жоқ. «Ташкент энергия секторында монополиядан бас тартып, жеке кәсіпкерлерге де бұл саланы дамытуға мүмкіндік беру керек» дейтіндер де бар.
Өзбекстан қаржы министрлігінің бұрынғы шенеунігі, қазір Қазақстан астанасындағы Еуразия экономикалық институтының профессоры Сапарбай Жұбаев:
- Конститутция сияқты ресми құжаттарда Өзбекстанда нарықтық экономика орнаған деп жазылған. Шын мәнінде, онда әлі күнге дейін советтік кезеңнен
қалған жоспарлы экономика сақталып келеді. Бірақ Совет Одағында бақылау күшті болса, қазіргі өзбек билігі жағдайды назарда ұстай алмай отыр, одан дағдарыс туындайды. Бұдан құтылудың жалғыз жолы – шынайы нарықтық экономикаға көшу. Өзбек шенеуніктерінің әрекетін түсіну қиын, шамасы олар оңай ақша жасау әдісін өзгерткісі келмейді, - дейді.
Өзбекстанның жоғарыдан төменге бағытталған, мемлекет бақылайтын жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа мүмкіндік мол. Елдегі ең табысы көп өнеркәсіп – мұнай мен газ саласын өзбек президенті Ислам Каримовке жақын адамдар уысынан шығармайды.
Өзбекстандық шенеуніктер «мұнай тапшылығы уақытша мәселе» деп дағдарысты ұзақ уақыт мойындамай келді. Күз кезінде жанармай станцияларының алдында кезекте тұратын көлік жүргізушілерін «Өзбекмұнайгаз» өкілдері «мұнай бағасы өседі деп жеке жанармай қорын жинайды, мақта жинау науқаны кезінде фермерлер жанармай шығынын көбейтеді» деп айыптайды.
Жанармай тапшылығынан зәтте болған жүргізушілердің біразы көліктерін сығымдалған газ – метан мен пропанның қосындысымен жүретін етіп жасап алған. Оның да өз артықшылығы бар. Сығымдалған газ бензиннен екі есе арзан, әрі оны қолдануға тыйым салынбаған.
Бірақ көлікті сығымдалған газға ауыстыру - қауіпті жұмыс. Өзбекстандық баспасөздің мәліметіне қарағанда, соңғы айда 10 адам автокөлік жарылысынан қаза тапқан, оның біреуі Ташкенттің орталық базарында болып, үш адам мерт болған.
Фаррух Юсуповтың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.