Тұтқын қазақ бес жыл бойы әйелімен кездесе алмады

Тұтқын Қуаныш Нүреновке хатында ұлы Елнұр: «Папа, мен сені жақсы көремін. Сағынышпен күтемін. Елнұр» деп жазып, өз қолының суретін салған.

Бес жыл бойы өзбек түрмесінде отырған Қазақстан азаматына әйелімен кездесуге рұқсат бермей отыр. Түрме басшылығы Ләззат Сәлімованың қолындағы неке туралы куәлік Өзбекстан заңына сәйкес келмейді дегенді алға тартады. Құқық қорғаушылар тұтқынның денсаулық жағдайына алаңдаушылық білдіріп отыр.

«ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАТЕР ТӨНДІРДІ»

Өзбекстан абақтысында отырған қазақ азаматының әйелі бастан кешкен жайттарды Азаттық радиосына ең әуелі «Орталық Азиядағы адам құқығы» ассоциациясы хабарлаған еді.

Аталған ұйымның жазуына қарағанда 1985 жылы туған Қазақстан азаматы Қуаныш Нүренов «Өзбекстан Республикасының конституциялық құрылысына қол сұқты», «қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін мазмұндағы материал әзірледі немесе таратты» деген екі бап бойынша 2006 жылы 8 жылға бас бостандығынан айырылған.

2006 жылы тамыз айында досының шақыруымен Қарақалпақстанға қонаққа барған Қуаныш Нүренов осылайша Қарақалпақстандағы Жаслық кентіндегі 64/71 нөмірлі колониядан бір-ақ шыққан.

«ДЕНСАУЛЫҒЫМ ТАМАША»

Адам құқығы жөнінде ұйым тергеу кезінде оған зорлық-зомбылық көрсетілді, адвокат қатысты деген аты ғана, сол секілді сот та шартты түрде өтті деп жазады.

– Жаслық колониясында отырған тұтқындардың азапталатыны туралы олардың туған-туыстары да айтып отыр. 2011 жылы Қоңырат қаласының
Әуелде бас тартқанымен, өкшесінен сойылмен ұрып, арқасын тікенек сыммен осқаннан кейін көнуге мәжбүр болған.

прокуратурасы бұл колонияны тексергенде, түрме әкімшілігі тұтқындардың шағымдануына мүмкіндік бермеген.

10 сәуірде қайта тексергенде өзге тұтқындармен бірге Қуаныш Нүренов те

Халықаралық адам құқығы жөніндегі федерацияның fidh.org веб-сайтындағы "Өзбекстанның түрмелер еліне айналып отырғанын" бейнелейтін сурет.

алдын-ала дайындалған «Жағдайым жақсы, ешкім ұрып-соқпайды, денсаулығым тамаша» деген қағазға қол қойып берген. Әуелде бас тартқанымен, өкшесінен сойылмен ұрып, арқасын тікенек сыммен осқаннан кейін көнуге мәжбүр болған, – деп жазады «Орталық Азиядағы адам құқығы» ассосациясы.

Бұл ұйым өздеріне Қуаныш Нүреновтің әйелі Ләззат Сәлімованың «Күйеуімді еш себепсіз ұрып-соғып жатыр. Онымен камералас тұтқынның бірі азап пен қорлыққа шыдамай, өзіне қол жұмсапты. Қуаныш кісі танығысыз өзгеріп, ауырып, азып-тозып кетті» деп жазғанын айтады.

«БІРДЕ ДҰРЫС, БІРДЕ БҰРЫС»

Азаттық радиосының тілшілері Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Саймасай ауылының тұрғыны Ләззат Сәлімовамен де тілдесті.

Қазақстан мен Өзбекстан арасында тұтқындарды алмастыру туралы келісім жоқтығына қарамастан Ләззат Сәлімова Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінің табалдырығын тоздырумен жүрген көрінеді.

«Күйеуімнің өміріне қауіп төніп тұр», – деген Ләззат Сәлімова
Кенжаев әуел баста біздің неке туралы куәлігімізді дұрыс, 1-2 айдан соң кел деді. Ал 7 қарашада қайта барғанымда «неке куәлігіңде күйеуіңнің қолы жоқ» деп кездестірмеді.

Қуаныштың жағдайын осы уақытқа дейін оның анасынан ғана біліп отырған. Аурушаң анасы соңғы кездері ұлына баруға шамасы жетпейтін болған соң, өзі кездеспекке бекінген көрінеді.

Ләззат Сәлімова Қуаныш екеуінің арасында заңды неке болмағанын, бірақ екеуінің ұлдары Елнұрдың жасы таяуда 5-ке толатынын айтады. Күйеуімен кездесу үшін Өзбекстандағы Қазақстан елшілігіне барып, биыл қыркүйектің 12-і күні неке туралы куәлік те алыпты.

– Сонан соң 13 қыркүйекте Қазақстан консулы Ибрагим Тасқұлов және елшіліктің тағы бір кеңесшісі Жаслықтағы колония бастығы Кенжаевпен, сондай-ақ Қарақалпақстан автономиялы республикасы ішкі істер министрінің орынбасарымен сөйлесті.

Кенжаев әуел баста біздің неке туралы куәлігімізді дұрыс, 1-2 айдан соң кел деді. Ал 7 қарашада қайта барғанымда «неке куәлігіңде күйеуіңнің қолы жоқ» деп кездестірмеді, – деп хабарлайды Ләззат Сәлімова.

«КҮЙЕУІМДІ КӨРМЕЙ ҚАЙТПАЙМЫН»

– Олай болса қысқа кездесуге, ең болмаса жарты сағатқа рұқсат беріңіздер, күйеуімнің жағдайын көріп кетейін дедім. Өзбекстан заңы бойынша тұтқынға туған-туыстарымен немесе өзге де таныстарымен аз уақытқа жүздесуіне рұқсат етіледі. Бірақ оған да мүмкіндік бермеді. «Еліңе қайт» деп мазақ қылды, – дейді Ләззат Сәлімова.

Ләззат Сәлімованың айтуынша Жаслық колониясының бастығы Кенжаев «паспорттың артында мөр тұруы керек» әрі «Өзбекстан заңы бойынша неке туралы куәлікте күйеуі де қол қоюы керек» деген уәж айтқан.

«Өзбекстан сыртқы істер министрлігі неке туралы куәлігімізді заңды деп санады. Енді Ташкентке қайта барып, Жаслық колониясы басшылығының үстінен шағымданамын және сол елдің ішкі істер министрі Шодиевке барамын, күйеуімді көрмей елге қайтпаймын» деп жоспарлап отыр Ләззат Сәлімова.

Осы мәселелер жөнінде Азаттық радиосының тілшілері Өзбекстан сыртқы істер министрлігіне телефон соққанымен, өзбек түрмесінде отырған тұтқын Қуаныш Нүреновке қатысты сауалдарға жауап ала алмады. Ал Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің екінші хатшысы Ибрагим Тасқұлов «уақытының тығыздығын» алға тартып, жауап беруден бас тартты.