Қаза тапқандардың үйлеріне көңіл айтып келіп жатқан жұрт көп. 18 қаңтарда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында өртенген жолаушылар автобусында 52 өзбек азаматы қаза тапқан. Өрттен бес адам – Өзбекстанның екі азаматы мен Оңтүстік Қазақстан облысының үш тұрғыны аман қалған.
Автобустағы өрттен қаза тапқандардың отбасылары жерлеуге дайындалып жатыр. Құрбан болғандардың жас шамасы 19-41 жас аралығында, барлығы ер азаматтар.
Намангандықтар автобустағы өртте мерт болғандардың рухына бағыштап құран оқып жатыр. Қазақстанның Ақтөбе облысы аумағында қазаға ұшырағандардың көпшілігі жұмыс істеу үшін Ресейге кетіп бара жатқан.
Қаралы үйге келе жатқан имамдар мен шенеуніктер. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев осы апаттан кейін "билік халыққа жұмыс орнын ашпаған соң олар басқа елге кетуге мәжбүр. Біз халықтың алдында қарыздармыз" деді. Ол үкіметке жаңа жұмыс орындарын ашуды тапсырды.
Марқұмдардың отбасына көңіл айтып келіп жатқандар арасында молдалар, шенеуніктер де бар. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, мүрделер қатты күйіп кеткендіктен, сырттай қарап олардың кім екенін ажырату мүмкін болмаған.
Марқұмдардың бірінің үйінің ауласында отырған Өзбекстан діни басқармасының өкілдері мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері.
Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, автобус апатында көз жұмғандардың мәйіттері туысқандарына 22-23 қаңтар күндері беріле бастайды.
Қаралы үйдің алдында отырған ауыл ақсақалдары. Марқұмдардың туысқандарының айтуынша, олар отбасына көбірек ақша тастап, қаржы үнемдеу үшін Ресейге ұшақпен емес, автобуспен баруды жөн көрген.