Ташкенттегі құдайы ас
Қазақ мәдени орталығының жетекшісі Хамза Халмурадов қонақтарды қарсы алып тұр. Суретте ол белгілі академик Бәкір Серікбаевпен амандасып жатыр.
Мәдени орталықтың көркемөнерпаздар үйірмесіне мүше ташкенттік әже.
Жергілікті әйел түйген бидайды сүзіп, сумаляк атты дәстүрлі тағам пісіруге дайындалып жатыр.
Өзбекстанда танымал "сумаляк" атты тағамды пісіргенде қазанға бірнеше тас салады. Аңыз бойынша бір уыс ұннан басқа ештеңесі жоқ жарлы әйел балаларын алдарқату үшін түнімен қазанға ұнмен бірге тас салып, су құйып ас әзірлеп жатқан болып ожаумен былғай беріпті. Өзектері талған балалары қалжырап ұйықтап кетіпті. Таңертең тұрғанда әлгі әйел мен балалары қазанның ерекше дәмді бір тағамға толып тұрғанын көріпті. Қазір бұл тағам түрлі қоспадан тұрады, бірақ аспаздар қазанға жақсы тілек айтып бірнеше тас салуды ұмытпайды.
Мәдени орталықтың белсендісі Майра апа.
Құдайы асқа пісірілген бауырсақтар.
Орталықтың белсендісі, ташкенттік кәсіпкер құдайы тамаққа самса пісіріп әкеліпті.
Құдайы тамаққа келген Тамара апа (сол жақта) - тыл ардагері.
Чиназдан арнайы шақырылған қазақ тілді молда Зұлпықар (Зулфикар) дамолла (оң жақтан екінші) уағыз айтып отыр.
Ташкенттегі қазақ мәдени орталығында өткен құдайы асқа келген тыл ардагері Қорабай ақсақал (сол жақта) мен қалалық мәдени орталық жетекшісі Тұрсынмат мырза.
Құдайы асқа қатысушылар.
Зұлпықар молда бас мүжіп отыр.
Мәдени орталықтағы қойылымға қатысушы әжелердің бірі.
Құдайы ас кезінде қонақтарға Асанбай Асқаровтың "Тағдыр" атты кітабы тарту етілді.
Ташкенттегі Қазақ мәдени орталығының ауласы. Бұрын бұл ғимаратта Қазақстанның елшілігі орналасқан.