Вакцина паспортын сатып алғандарды анықтау мүмкін бе?
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстанда азаматтарға ковидке қарсы вакцина егілген-егілмегенін анықтайтын алгоритм мақұлданды. Алайда бұл алгоритм вакцина паспортын сатып алғандарды таба алмайды. Паспортты ақша беріп жасатқандар вакцинадан қорықтық, жұмыстан шығу қаупі туды дегенді айтады. Сарапшы сөзінше, мұның ұжымдық иммунитет қалыптастыруға кесірі тиеді.