Киік қырылған Қабырға
Қабырға ауылы Қостанай облысының Амангелді ауданы орталығынан он шақты шақырым жерде.
Ауылдағы 34 үйдің көбі жарым-жартылай қирап тұр.
Тұрғындардың кәсібі мал ғана.
Тұрғындар жаңбырдан кейін малдың үстінде әппақ ісік пайда болатынын айтады. 15 бұзау өлгенін айтқан тұрғындар оларға пастереллез жұқты деп біледі.
Тұрғындар көктемде әлдебір беймәлім зат тапқандарын айтып, оны "Протон" зымыран тасығышының бөлшектері болуы мүмкін деп жориды.
Балалар ауырып жатқан лақтың жанында ойнап отыр. Лақтың иесі Ақерке Амантайқызы оған киікті қырған ауру жұқты деп біледі.
Бұл үйде тек зейнеткерлер ғана тұрады.
Революционер Әліби Жангелдиннің мүсіні қойылған бақ жабық тұр.
Қабырға ауылы маңында көмусіз жатқан киіктер.
Қабырға ауылы маңында көмусіз жатқан құралай.