«Мен – көшпендімін» көрмесі
Мүсінші Вагиф Рахмановтың есімі Қазақстанда, сонымен бірге суретшінің шығармалары түрлі көрмелерге жиі қойылғандықтан, шетелде де өнерсүйер қауымға жақсы таныс. Оның көптеген көрмелері кезінде өзі тұрып, еңбек еткен Канадада ұйымдастырылған.
Суретте: Вагиф Рахманов (ортада) арт-менеджер Тоғжан Сақбаева және галерист Владимир Филатовпен әңгімелесіп тұр.
Көрмеге келушілердің бірі Вагиф Рахмановтың қола мен тастан жасалған «Силуэт» атты туындысымен танысып тұр.
Наргис Рахманова (сол жақта) – қазіргі заманғы суретшілер буынының өкілі. Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын тәмамдаған ол он жыл бойы Нью-Йоркте тұрған, кейінгі екі жыл бойы Германия астанасы Берлин қаласында тұрады. Шығармалары көбінесе шетел көрмелеріне қатысатын суретші Алматыға сирек келеді. Өз айтуынша, абстрактілі көркемсурет стилін ұнатады. «Мен – көшпендімін» көрмесінде Наргис дыбыс пен пішінді үйлестірген.
Көрмеге келушілер назар салып тұрған Вагиф Рахмановтың бұл туындысы «Ханшайым» («Принцесса») деп аталады. Ол қола, әйнек және тастан жасалған.
«Куб» инсталляциясын әкелі-балалы Вагиф және Наргис Рахмановтар бірлесіп әзірлеген. Төбеге ілінген куб пішінді металл қаңқаның ішінде көлемі кішірек және бір куб, ал оның ішінде – одан да шағын және бір куб орналасқан. Ең кішкентайының ішіндегі плеерден стохастикалық музыка (электрондық музыканың бір түрі) авторы француз композиторы Янис Ксанакистің шығармасы ойналып тұр.
Бұл қабырғада «Геометрия дыбыстары» цикліне жататын шығармалар ілінген.Суреттерде аккордтар мен дыбыс реттілігіні арақатынасы сипатталған.
«Мен – көшпендімін» көрмесіндегі жұмыстардың бірі.
Қарсы беттегі қабырғаға «Мен – көшпендімін» цикліне енетін 12 шығарма ілінген. Аралас техникамен жасалған бұл туындыларында Наргис Рахманова қазақтың дәстүрлі ою-өрнектерін негізге алған.
Көрмеге қойылған Наргис Рахманованың туындыларының бір бөлігі «По пути Арабесок» цикліне жатады.
Суретте: көрмедегі жұмыстарды смартфон камерасына түсіріп жатқан әйел.
Көрмеге келгендер ондағы суреттердің алдында «сэлфи» жасап тұр.