«Сөзсіз сөз еркіндігі» көрмесі
Алматылық суретші Ибрагим Кубеков салған карикатурада демократиялық емес режимдердегі БАҚ жағдайы бейнеленген.
«Әділ сөз» қорының президенті Тамара Калеева дүниежүзілік баспасөз бостандығы күніне арналған «Сөзсіз сөз еркіндігі» атты карикатура көрмесінің ашылуында. Алматы, 30 сәуір 2015 жыл.
Алматылық суретші Ибрагим Кубековтің БАҚ жендеттері туралы салған карикатурасы.
«Сөзсіз сөз еркіндігі» атты карикатура көрмесіне келгендер.
Алматылық суретші Николай Веревочкиннің цензураға қарсы күрес жайлы карикатурасы.
Алматыдағы Орталық мемлекеттік мұражайда дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күніне арналған «Сөзсіз сөз еркіндігі» деген тақырыптағы карикатура көрмесіне қойылған суреттер. 30 сәуір 2015 жыл.
Алматылық суретші Николай Веревочкиннің БАҚ-ты басқарудың кейбір әдістері туралы салған карикатурасы.
Алматылық суретші Николай Веревочкин (оң жақта) карикатура көрмесінде.
Алматылық суретші Николай Веревочкиннің БАҚ бостандығы туралы салған карикатурасы.
Алматылық суретші Игорь Кийконың карикатурасы.
Алматылық суретші Игорь Кийко.
Орталық мемлекеттік мұражайда дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күніне арналған «Сөзсіз сөз еркіндігі» деген тақырыптағы карикатура көрмесіне келгендер. 30 сәуір 2015 жыл.
Алматылық суретші Ибрагим Кубековтың карикатурасындағы қазақстандық тәуелсіз журналист Гүлжан Ерғалиеваның бейнесі.
Алматылық суретші Ибрагим Кубековтың БАҚ ахуалы туралы карикатурасы.
Алматылық суретші Ибрагим Кубеков БАҚ-ты азғыратын айла-амалды осылай бейнелеген.
Алматылық суретші Игорь Кийконың тәуелсіз БАҚ-қа көмек жайын көрсеткен карикатурасы.