Коронавирус "табылмаған" елдер және одан "қорықпайтын" президенттер
Your browser doesn’t support HTML5
Бүкіл әлем COVID-19-дың қауіпті екенін айтып жатса да халқын "алаңдатқысы келмейтін" президенттер бар. Бірі тұрғындарға «арақ ішуге» кеңес береді, бірі "адыраспан тұтатыңдар" деп тапсырады. "Спортпен шұғылданатынын" айтқан тағы бірі вирусты кәдімгі тұмаудан қауіпті емес деп есептейді. Енді біреуі мыңдаған адамды алаңға жинап, "COVID-19 кезіндегі махаббат" дейтін флешмоб ұйымдастырады.