Назарбаевтың Қытайға сапары қалай басталды?
Си Цзиньпиннің Назарбаевты қарсы алған сәт.
Назарбаев Си Цзиньпинді Компартия төрағасы болып қайта сайлануымен құттықтап, "Қытай арманын" жүзеге асыру ісінде Компартия рөлінің артқанын айтты.
Назарбаевтың айтуынша, екі ел басшылары 2012 жылдан бері 18 кездесу өткізіп, 67 миллиард доллар көлеміндегі 127 құжатқа қол қойған.
Си Цзиньпин Назарбаевқа "Мен Қазақстан-Қытай достығының алып кемесін Сізбен бірге басқаруға әзірмін" деді.
Назарбаевтың сөзінше, 2017 жылы Астана мен Пекиннің өзара сауда көлемі 11 миллиард долларға жуықтаған.
Назарбаев 9-10 маусымда Циндао қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитіне де қатыспақ.
Назарбаев пен Си Цзиньпин кездесу барысында бірнеше құжатқа қол қойды.
Назарбаев Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахмановпен бірге отыр. Назарбаев Си Цзиньпинмен кездесу кезінде Қытайдағы қазақтарға жасалып жатқан қысым туралы сөйлескен я сөйлеспегені белгісіз. Бұл туралы Ақорда сайтындағы хабарламада айтылмаған.
Назарбаев Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен де кездесті.