Ким Чен Ын Пекинге 26 наурыз күні Си Цзиньпиннің шақыруымен барған.
26 наурызда Ким Чен Ынның брондалған пойызы Пекинге барғаны туралы хабарланды. Бірақ ол пойызбен Ким Чен Ынның, я Солтүстік Корея билігіндегі басқа адамның келгені белгісіз болған еді.
Ким Чен Ын мен әйелі Ри Соль Чжу Пекинде Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездескен сәт.
Ким Чен Ын мен Си Цзиньпин.
Ким Чен Ын Пекинде сөз сөйлеп тұрған сәт. 27 наурыз 2018 жыл.
Қытайлық Xinhua агенттігінің хабарлауынша, Ким Чен Ын Қытай басшысына АҚШ-пен диалог орнатуға, президент Дональд Трамппен кездесуге және Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын тоқтатуға дайын екенін айтқан.
Ақ үйдің мәлімдеуінше, Қытай басшылығы 27 наурызда Вашингтонды Солтүстік Корея басшысының сапары туралы хабардар еткен.
Ким Чен Ын Пекинге сапары Оңтүстік Кореядағы негізгі тақырыпқа айналды.
Ким Чен Ын мен Ри Соль Чжу Пекиннен кетіп бара жатқан сәт.