Паралимпиаданың жарқын сәттері

Қазақстандық Александр Колядин 1,5 шақырымдық шаңғы жарысында алтын алды. Ол 1997 жылы жол апатына ұшырап, бір аяғынан айырылған. Жарысқа протезбен қатысты. 

Александр Колядин (көк формада) жарысқа қатысып жатқан сәт. 

Қазақстандық Сергей Усольцев биатлон жарысында 11-орын алды. 

Сергей Усольцев жарыс кезінде. 

Қазақстандық Жаңыл Балтабаева шаңғы жарысына қатысып жатқан сәт. Ол Сочи паралимпиадасына да барған.

Қазақстандық Александр Герлиц щаңғы жарысында төртінші, биатлон жарысында алтыншы орын иеленді. 

Германиялық Анна Шаффелгубер (ортада) тау шаңғысынан паралимпиада чемпионы атанды. 

Оңтүстік кореялық сноубордшы Ким Юн Хо жарыстан кейін баласын сүйіп жатыр. 

Қытайлық Чень Ян Ванг шаңғы жарысында. 

Оңтүстік Корея-АҚШ хоккей матчын тамашалауға келген жанкүйерлер. 

Словакиялық Генриета Фаркашова тау шаңғысынан төрт алтын, бір күміс жүлде иеленіп, Пхенчхан паралимпиадасының мультимедалисі атанды. Спортшының көзі көрмейді. Жарысқа арнайы гидпен қатысты. Фаркашова Ванкуверде үш, Сочиде екі алтын алған. 

Украиналық Игор Рептюх шаңғы және биатлон жарыстарында бір алтын, бір күміс, бір қола алды. 

Оңтүстік кореялық Син Ый Хен аяғы жоқ парашаңғышылар арасындағы жарыста чемпион атанды. Бұл - Оңтүстік Кореяның қысқы паралимпиада алған алғашқы алтыны. 

Оксана Мастерс (АҚШ) - шаңғыдан паралимпиада чемпионы.  

Қытай құрамасы пара керлингтен чемпион атанды. 

Джальен Стефани (АҚШ) тау шаңғысы жарысында.
 

АҚШ хоккейшілері паралимпиада чемпионы. Финалда Канада құрамасын жеңді.
 

Паралимпиаданың жабылу салтанаты. Келесі паралимпиада 2022 жылы Пекинде өтеді.