Трамп пен Мирзияевтің кездесуі
Your browser doesn’t support HTML5
Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзяев кездесті. Ақ үйге сапарын қорытындылаған Мирзияев Өзбекстанның адам құқығы бойынша осы уақытқа дейін қол жеткен жетістіктерінде "шегіну болмайды" деп мәлімдеді. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Өзбекстанды адам құқықтары мен бостандықтарын бұзу, қамау орындарындағы азаптау және тұрғындарды, соның ішінде балаларды мәжбүрлі еңбекке жегу оқиғалары үшін жиі сынап келген.