Түркиядағы президент сайлауы алдындағы үгіт-насихат
Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған 18 сәуірде елде ерте президент сайлауы өтетінін жариялап, кейін өз кандидатурасын ұсынды. Суретте Ердоғанның жақтастары. 17 маусым 2018 жыл.
Ердоған Стамбулда халық алдында сөз сөйлеп тұр. 17 маусым 2018 жыл.
Ердоғанның қолдаушылары. 17 маусым 2018 жыл.
Ердоғанның сайлау алдындағы жиыны. Стамбул, 17 маусым 2018 жыл.
Стамбул көшелеріндегі Ердоғанның сайлауалды баннері. 18 маусым 2018 жыл.
Түрмеде отырған түркиялық күрд саясаткері Селахаттин Демирташ та өз кандидатурасын ұсынған. 18 маусым 2018 жыл.
18 маусымда Демирташ мемлекеттік TRT телеарнасынан үндеу жолдап, Түркияның қазіргі саяси жүйесін "репрессивті режим" деп атады. Түркия заңы бойынша, президенттікке кандидаттың қоғамдық телеарна эфирінен 20 минут тегін үгіт-насихат жүргізуге хақы бар. Суретте Демирташтың жақтастары. 18 маусым 2018 жыл.
Президенттікке кандидаттардың бірі - Мухаррем Инже. Стамбул, 16 маусым 2018 жыл.
Мухаррем Инженің жақтастары. Стамбул, 16 маусым 2018 жыл.
"Жақсы" партиясы (IYI) атынан сайлауға түсіп жатқан Мерал Акшенердің үгіт-насихат плакаты. Стамбул, 16 маусым 2018 жыл.
Мерал Акшенер Стамбулдағы сайлауалды жиын кезінде сөз сөйлеп тұр.