Афроамерикалықтың өлімі мыңдаған адамды көшеге шығарды. АҚШ-та не болып жатыр?
Your browser doesn’t support HTML5
АҚШ-та афроамерикалық Джордж Флойдтың полицей қолынан қаза табуынан соң басталған наразылық әлі басылмай тұр. Кейбір аймақта қарсылық бейбіт сипатта өтіп жатса, кейбір қалаларда наразылар мен полицейлер қақтығысып қалған. Вашингтондағы Ақ үй алдында да тыныштық жоқ. Америкалық ақпарат құралы президент Дональд Трамптың наразылықтан қауіптеніп, бункерге де тығылғанын жазып жатыр.